Алты күннен бері ойран салып жатқан су тасқынының Арқалық қаласы мен Аманкелді аудандарында саябырсып, Жанкелдин ауданында қарқыны күшейгенін бұдан бұрын да хабарладық.
Торғайдағы тасқын бой берер емес
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Арқалық аумағында халықты қарайған шығынға ұшыратып кеткен қарғын судың беті қайта бастаған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып жатыр. Аманкелді ауданында да тасқын-сел анағұрлым саябырсып, тұрғындар түгелдей құтқарылғаны жайында хабар беріліп отыр. Енді ағыны қатты қызыл су Жанкелдин ауданының елді мекендеріне ауыз салып жатыр.
Арқалықтағы тасқын судан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатыр?
Қала әкімдігінің мәліметі бойынша төтенше жағдай кезінде Арқалық қаласының су басқан ауылдарынан барлығы 301 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Эвакопункттерге 124 адам орналастырылды.
Қостанай облысының су басқан аудандарын мал азығымен қамтамасыз ету шаралары қарқын алды
Қостанай облысының оңтүстік аудандарындағы су тасқыны жағдайы әлі де күрделі. Құмар Асксақаловтың төрағалығымен Облыстық жедел штаб жұмысын жалғастыруда.
Тасқын судан жапа шеккен өңірлерге ҚМДБ өкілдерінің жіберген көмектері Арқалыққа жетті
Биылғы көктемгі су тасқынының қарқыны жылдағыдан қатты. Қатерлі болуына орай Торғай өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Көптеген елді мекендерді су басу қаупі әлі сейілген жоқ. Ауылдардағы отбасылар үйсіз-күйсіз қалып, лажсыздан қалаға, аудан орталықтарына шоғырланып жатыр.
Арқалықтағы су кірген үйлердің шығындары есептеліп жатыр
Еріген қар суынан зардап шеккен тұрғындарға материалдық төлем жасаудың алғашқы жұмыстары басталып кетті. Қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия қалаға іргелес кенттердегі су кірген үйлердің бүлінген дүние-мүліктеріне акт жасауға кірісті.
Жаркөлдің көрші ауылдары шұғыл шараға қамданып отыр
Жанкелдин ауданындағы төтенше жағдай қалыпты деп айтуға әлі ерте. Сарысу ауылындағы көмекке жүгінген тұрғындар аудан орталығына көшіп келді. “Ауыл шетіне келіп тұрған судың деңгейі төмендеп, беті қайтар”деп үмітпен отырған ауылдық ағайындардың кейбірі жылы орындарын әзірге суытқылар келмейтін сияқты.
Халық қалаулысы су тасқынынан зардап шеккен көп балалы отбасыға баспана жалдап берді
Арқалық қаласындағы төтенше жағдай іс-қимылдарында халық қалаулылары да белсенділік танытытып жатыр. Ел қамы үшін еңселі іс атқарып жүрген депутаттардың бірі – Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Абыл Ерденов.
Арқалыққа мал азығы жеткізілді
Төтенше жағдайда көмек ретінде Әулиекөл ауданынан 30 тонна, Наурызым ауданынан 15 тонна шөп келді. Ал, Ұзынкөл ауданы болса көмек ретінде 50 тонна жем жіберген.
Су тасқыны облыстың барлық өңіріне қауіп төндіруі әбден мүмкін
Қостанай облысында су тасқынынан келетін қауіп өрши түсуі ықтимал. Өйткені “Қазгидромет” мамандары бүгіннен бастап сынап бағанасы көтерілетінін болжап отыр. Мұның салдарынан облыстағы басқа өңірлерге де тасқын-селден қатер төнуі мүмкін.