«Ұлттық статистикалық жүйелердің цифрлық трансформациясы» форумы аясында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы мен «Halyk Bank» АҚ статистика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оған Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев пен «Қазақстан Халық банкі» АҚ төрағасының орынбасары Нариман Мұкышев қатысты.
«Сәтті бастау» ведомствоаралық кешенді жоспары қабылданды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ЮНИСЕФ-пен серіктестікте бірлесіп ұйымдастыруымен «Қазақстандағы әрбір бала үшін үздік бастама» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Қостанай облысына Қорған облысының делегациясы келді
Ресей мен еліміздің шекарысында ақ боз үй тігулі тұр. Қызылды-жасылды қазақылықтың нұрына оранған дүйім жұрт меймандарды асыға күтіп жүр. Арада сағат жарым өткенде сәукелелі арулар қолдарына шашуларын ала шықты. Қыр жақтан облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов бастаған ел ағалары қонақтарды киіз үйге бастап келді.
«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Америкалық инвесторларға Қазақстанның белсенді экономикалық өсу саясаты таныстырылды
Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы күзгі сессиясы аясында Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі мен АҚШ Сауда палатасы бірлесе ұйымдастырған екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Сенат Төрағасы ТүркПА Бас хатшысымен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездесті.
Парламенттік реформаның маңызы түсіндірілді
Мемлекет басшысы Жұмыс тобының алғашқы отырысында ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «ТМД жаңа тарихи жағдайда мемлекеттер арасындағы сенімді арттырудың халықаралық тетігі ретінде сұранысқа ие құрылым екенін дәлелдеді»
Достастықтың 35 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға және Ұйым қызметін ілгерілетуге бағытталған бірқатар ұсынысын ортаға салды.
Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Жиынға қатысушыларға ілтипат білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған тәжік тарапы мен Президент Эмомали Рахмонға алғыс айтты.
Қазақстан мен Мажарстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Астана мен Будапешт арасындағы тығыз әрі сенімді қарым-қатынас ғасырлар қойнауынан тамыр тартатынын және өзара құрметке негізделгенін атап өтті.
