Қостанай облысына Қорған облысының делегациясы келді

Қостанай облысына Қорған облысының делегациясы келді

Ресей мен еліміздің шекарысында ақ боз үй тігулі тұр. Қызылды-жасылды қазақылықтың нұрына оранған дүйім жұрт меймандарды асыға күтіп жүр. Арада сағат жарым өткенде сәукелелі арулар қолдарына шашуларын ала шықты. Қыр жақтан облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов бастаған ел ағалары қонақтарды киіз үйге бастап келді.

«Дәстүрі мен салт жорасын құрметтеген ағайын. Ұлдарына ұлықтылық, қыздарына қылықтылық тарту еткен ұлағатты әлеумет. Тобыл-Торғай жеріне, астықты Қостанай облысына қош келдіңіздер!» деп қуана хабарлаған жүргізушінің жарқын үні жүректері елжіреген тыңдаған жанның бойында бауырмалдық лебін одан сайын есіте түскендей болды.

blank blank blank blank

Жүз отыздан аса этностың басын біріктірген қазақ елінің аспанында көршіліес елдің уәкілдері дәстүрімізге қанықты. Меймандардың арасында Қорған ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының жетекшісі Алексей Чуев те бар.

blank

«Көршілес елдің өндірістік ахуалымен танысу біздерге үлкен тәжірибе алмасуға мүмкіндік сыйлап отыр. Бұл жақта шаруашылыққа аса ден қойылып жатқаны қуантып отыр. Әуелден Қазақстанмен тығыз қарым-қатынастамыз. Қолдан жасап дақыл тұқымдарын ұсынып келеміз. Эклюзивті өнімдерімізді әрі қарай танымал етуге ықпал ете береміз деп ойлаймыз», – дейді Алексей Чуев.

Қорған облысының агроөнеркәсіптік кешен департаментінің директоры Андрей Лушников елімізде сонау бала кезінде болғанын айтады.

«Жағдай жақсы жағына қарай көп өзгергенін байқадым. Біздердегідей өндіріске көп көңіл бөлініп жатыр екен. Тәжірибе жүзінде өзімізге қажетті мол мәлімет алдық. Қос аймақтың ортақ келісімі одан сайын арта түсері анық», – дейді Андрей Лушников.

Меймандар Меңдіқарадағы бие сүтінен құрғақ саумал өндіретін кәсіпорынның тынысымен танысты. Жаңа технологияның қыр-сырын көріп, жаңа өінмдерге тәнті болды.

blank

blank blank blank

«Бүгінде екі бағытты қатар алып келе жатырмыз. Негізі қымыз өндірумен айналысамыз. Соңғы жылдары құрғақ саумал өндіре бастадық. Алдағы уақытта жұмыс аясын кеңейтетін боламыз. Астық қоймасының құрылысы жуырда аяқталады», – деді кәсіпорын басшысы Мейрам Ахметжанов.

«Қарқын» серіктестігінің Степанов ауылындағы сүт-тауар фермасына барды.

blank blank blank blank

Серіктестік басшысы Еркін Бұқанов қонақтарға шаруашылықты аралатты.

Айбек ЖҮЗБАЙ