Жезқазғанда өткен «Ұлт ұраны – Ұлытау» республикалық командалық айтысында Тобыл-Торғай құрамасы Ұлытау тобынан басым түсті.
Президент: «Қасіретті оқиғалардан тағылым алып, ұлт жадында сақтай білуіміз керек»
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады.
Тоғызақ ауылында мәдени-рухани іс-шара өтті
Облыстық Қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Тоғызақ ауылында тағылымды іс-шаралар циклін өткізді.
«Ұлы дала жорығы – 2024»: жарыс жеңімпазы анықталды
Астанада «AMANAT» партиясының қолдауымен көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» кең ауқымды республикалық марафон-бәйгесінің үшінші маусымы өз мәресіне жетті. Жеңімпаз – Жетісу облысының командасы. Қостанайлық шабандоз 500 шақырым үздіктерінің қатарынан көрінді.
Мектептерде ұлттық рухқа дем беретін іс-шаралар өтіп жатыр
Қостанайдың қақ төрінде 400-ге жуық бүлдіршіннің «Мен қазақпын!» деп әуелете шырқаған әні жүректі дір еткізіп, еріксіз назар аудартты.
«Ұлы дала жорығы-2024: екінші күннің қорытындысы
20 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 16 команда Екібастұз қаласы маңынан Павлодар облысы аумағындағы Төртқұдық елді мекеніне аттанды.
Бүгін қазақтың «Әй-әй» ақыны Қонысбай Әбілдің туғанына 70 жыл
Қазақстанның халық ақыны, сатирик, журналист, даңқты жерлесіміз Қонысбай Әбілдің туған күні. Назарларыңызға әйгілі ақын, Қонысбайдың курстас досы Ұлықбек Есдәулеттің естелігін ұсынамыз.
Айтыскер ақын оқушылармен тағылымды кездесу өткізді
Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Замандастар жырлары» жобасы аясында белгілі журналист, айтыскер ақын, Ы.Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейінің басшысы Марғұлан Оспановпен кездесу өтті.
«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ-2024»: алғашқы күннің қорытындысы жария болды
19 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Әзірше Шығыс Қазақстан облысы алда келеді. Жарыс жолында ұзын саны 16 команда қалған. Қостанай облысының командасы әзірге 9-орында.
«Шоқан Уәлиханов ізімен»: музей салынып, баспасөз туры өткізіледі
Сарыкөл ауданында «Шоқан Уәлиханов ізімен» атты әлеуметтік маңызы бар жоба қоғам талқылауына салынды. Мұндағы мақсат – ұлы ғалымның туған жері Күнтимес ауылын рухани мекенге айналдыру. Сондай-ақ тарихи тұлғаның есімімен байланысы бар мекендерге баспасөз туры ұйымдастырылады. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлайды.