«Қостанай таңы» газеті Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырған облыстық «Мың алғыс саған, анашым» эссе байқауы қорытындыланды. Оқушылар мен студенттер арасындағы шығармашылық сынында үміткерлердің үздіктері анықталып, демеушілеріміз тағайындаған сый-сияпатқа ие болды.
Анам менің – аялаған ақ гүлім
Мен үшін ең қымбат, асыл да алтын жақыным – анашым! Дүниедегі жұмақ нәрсе – анамыздың аяулы алақаны, дүниедегі ең тәтті нәрсе – анамыздың ақ сүті. Әрбір жанның кішкентай ғана жүрегін елжірететін, санасына сансыз ойлар ұялататын, көздеріне күн нұрындай сәуле төгіп, езуіне жиылмас күлкі сыйлайтын «Ана» сөзінің мағынасы зор.
Ана – жалғыз ғана
Ауылынан жырақтығы, жақындарынан алыста, жанындағы адамдар жат көрініп, адаптацияның аяғына жете алмай жүрген студенттің жазары көп көрінгенімен, Телеграм-арнама ” быламық” жазып тұратыным болмаса, парақ пен қаламға ойым мен сезімімді айтпағалы көп болыпты.
Алғысым шексіз саған, Жәннатым!
“Ана алақанының аясы – ақ шынардың саясы” дегендей, жер бетіндегі аналардың тілеуі бір. Ол – мейірімділік, адалдық, бейбітшілік, адамгершілік. Ұрпағының аман-саулығы.
Ең жақын дос – Ана
Дос – әркез қасыңнан табылып, көмегін аямайтын жан. Қуансаң, сенімен қоса шексіз қуанатын, мұңайсаң,қуантуға асығатын, сырларыңмен еркін бөлісіп отыратын сырласың. Мен үшін сондай дос – менің анам.
Елжіреген жүрегіңнен айналдым!
Менің атамның жасы 85- те. Атамның: «Менің әкем қарғыс атқыр соғыстың салдарынан оралмады.
Бақытымның бастауы сен, анашым!
Облыстық «Қостанай таңы» газетінде жарияланған «Мың алғыс саған, анашым!» байқауының шарттарын оқыған сәтте-ақ үстіміздегі жылдың жаңа жылдық дастарқаны есіме түсті. Отбасылық бір-бірімізге құттықтау-тілек айтқан кезімізде әке-шешем алдағы Ұлу жылында менің 13 жас – ең бірінші мүшелден шығатынымды айтып еді. Мүшел жылы менің қолыма кезекті қалам алып, мына байқауда бағымды сынап көруге жол ашып тұрған сияқты.
Әрдайым анам қасымда
Ана дегеніміз әлемдегі ең ардақты да, аяулы жан. Ана деген өз баласы үшін бәріне баруға дайын, өз баласы үшін жанында беруге қарсы емес. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан нәрестенің барын да, нарын да аямайтын анамыз – адам өміріндегі орны ерекше. Ана – үйдің берекесі, анасыз үй – үй де емес. Ана сияқты бақытыңды […]
Ананың ақ тілегін өтеу парыз…
Менің анам Жанар Серғалиқызы – ұлағатты ұстаз, тәлімді тәлімгер, ардақты ана, талантты жан, өнер иесі. Домбыра, гитара аспаптарында ойнайды. Сахнада эстрадалық ән айтады. Дауысы керемет! Ел көңілінен шығып, жүлделі орындардың иегері атанып жүр.
Құрметпен саған бас иемін!
Мен Наиля Ровшанқызы Исмаиловамын. Ұлтым – әзербайжан. Алпыс екі тамырымен идіріп, ақ сүтімен нәр берген анам – қазақ. Сол себептен мен бойымда да, ойымда да, қазақтың қаны бар деп мақтанышпен айта аламын.