Ең жақын дос – Ана

Ең жақын дос – Ана

Дос – әркез қасыңнан табылып, көмегін аямайтын жан. Қуансаң, сенімен қоса шексіз қуанатын, мұңайсаң,қуантуға асығатын, сырларыңмен еркін бөлісіп отыратын сырласың. Мен үшін сондай дос – менің анам. Мен өз анама сенемін. Менің анам ол тек ана емес, мен үшін менің анам ол аспаз, дәрігер, ұстаз, ең бастысы, ең жақын досым. Менің анам ол тек бір адам емес, менің анам ол бір адам ішіндегі мың періште. Әрбір адам үшін дүниедегі ең жақын адам ол – анасы. «Ана» деген сөз үш-ақ әріптен ғана құралса да, бұл сөзде орасан зор құдірет пен үлкен мейірімділік бар. Себебі, анамыз бізге баға жетпес сый – өмір сыйлады. Халқымыз «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» деген. Себебі әрбір ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, уайымдап, кейін ержеткен кезде де әрқашан жанымыздан табылады. Ана деген – бұл өмірде ең жақын сырлас дос. Менің анам маған көмек керек кезде әрқашан қасымда табылатын адам. Мен үй жұмысын түсінбейтін кезде қасымд анам, маған мектепке сурет, макет, іс-шара мен көмек керек кезде қасымда табылатын – ол менің анам. Мені тоғыз ай кұрсағында кетеріп, барын да, нарын да аямайтын анама алғысым шексіз. Әрдайым киын сәтте касымнан табылып, қуанышымды да, мұңымды да бөлісе алатын жалғыз жан – ол анам. Кішкентай кезімнен әрі ақылшы досым, әрі білімді ұстазым бола білген анам алдындағы борышым өте үлкен. «Анасы бар адам ешкашан картаймайды» деген сөздердің шындығына жылдар өткен сайын көзім жетіп келе жатыр. Шынында да, анам касымда болғанда мен әрдайым бала болып кала беремін. Анамның есімі – Айжан. Қандай әдемі есім десеңізші! Ол әрдайым өзінің акжарқындығымен, мейірімділігімен, өмірге деген оптимисті көзқарасымен ерекше көзге түседі. Тіпті қарлы, боранды күндерде де, үйге көктемнің шуакты күніндей жылулық сыйлап, әрдайым отбасы мен айналасындағы адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлап жүреді. Мен анаммен бірге өлең айтып, билегенді, әңгіме айтқанды, әртүрлі тағамдар әзірлегенді, бірге дүкендерге барғанды жақсы көремін. Жалпы, менің анам мен үшін ең жақсы дос. Ол маған қолдау мен көмек қажет болғанда әрқашан қасымда болады, қателіктерімді көрсетіп, тұлға ретінде қалыптасуыма көмектеседі. Ол да менің тәлімгерім әрі ұстазым, ол әрқашан менімен өз білімі мен тәжірибесімен бөлісуге дайын. Мен анамды қатты құрметтеймін және бағалаймын және біздің қарым-қатынасымыз әрқашан осындай жақын және мейірімді болады деп үміттенемін. Мені әрқашан қандай болсам да қабылдайтын ең қымбат және ең жақын адам. Ең шынайы махаббатпен сүйетін адам. Маған шын жүрегімен бақыт тілейтін адам. Онысыз өмір болмайтын адам. Бұл – ана. Анашым, бәрі үшін рахмет. Осы дүние үшін, балалық шақ ертегісі үшін, қиын сәттерде түсіністік пен шыдамдылық танытқаның үшін, әр күннің қуанышы үшін, әрбір кеңес үшін, әрбір мүмкіндік үшін, әрбір сәттілік үшін, әрбір күлімсіреу үшін рахмет. Рахмет, АНАШЫМ!!!

Ақарыс Талғатұлы,

Федоров ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 10-сынып оқушысы

Жаңалықтармен бөлісу