Қазақстанның мәдениет қайраткері, дарынды қаламгер, жампоз журналист, шебер сатирик Дамир Әбіш 80 жылдық мерейтойы қарсаңында оқырманмен кездесу өткізді. Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханадағы бенефис-кеш “Дәмер-думан” деп аталды.
Мерейтойыңыз құтты болсын!
Құрметті Жанұзақ Аязбекұлы! Сізді 70 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Рудныйда ардагерлер ұйымы 50 жылдығын атап өтті
Биыл Рудный қалалық ардагерлер ұйымының құрылғанына – 50 жыл. Мерейтой аясында түрлі іс-шаралар легі өткізіліп келеді. Сондай айтулы жобаның бірі, бүгінде өткізу дәстүрге айналған “Екі ұрпақтың жұлдыздары” ән фестивалі ұйымдастырылды.
Ең үздік отбасы анықталды
Алтынсариндік Ермагамбетовтер отбасы «Мерейлі отбасы 2023» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды.
Берекесі жарасқан әулет
Алтынсарин ауданы Щербаков ауылында тұратын Әлтай ата мен Зылиха апаның отау құрып, шаңырақ көтергендеріне – 50 жыл. Отбасы осынау қуанышты атап өтеміз деп тойға дайындалып жатыр.
Өңірімізде Марал баба атындағы қасиетті ордамыздың 130 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті
Өңірімізде Марал баба атындағы қасиетті ордамыздың 130 жылдық мерейтойы қарсаңында ұрпаққа үлгі болар үлкен рухани іс атқарылды. Ол жайында газетіміздің өткен сандарында жазған едік. Енді, міне, сауын айтылған жиында аймағымызға, Қазақстан мен көрші Өзбекстанға тараған Марал ишан ұрпақтары жиналып отыр.
“Әкешім – мақтанышым!”
Ата-ананың балаға дұрыс тәрбие бергені – ең үлкен жауапкершілігі әрі өмірлік бақыты. Ананың орны қашан да төр. Бірақ отбасының бәйтерегі – асқар тау әкенің орны айрықша ғой. Патша, ұлық, би-шешен болмаса да, әке бала үшін тау тұлға!