Қонайда құрылысы созбаққа түскен мектеп үшінші тоқсанда пайдалануға беріледі
Басты жаңалықтар, Мәселе

Қонайда құрылысы созбаққа түскен мектеп үшінші тоқсанда пайдалануға беріледі

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қонай шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Өңір басшысы аудандағы құрылыс жұмыстары аяқталып біткенше ай сайын кездесуге келіп тұруға уәде еткен болатын. Өткен айда берілген тапсырмалардың едәуірі орындалғанына көз жеткізді. Тұрғындар да жасалған жұмысты растап отыр.

Толығырақ
Қостанайда электр желілерінің тозығы жеткен
Мәселе

Қостанайда электр желілерінің тозығы жеткен

Облыста энергия жабдықтаумен 4 жеке фирма және 3 мемлекеттік кәсіпорын айналысады. Электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы-29 312 шақырым, оның ішінде тек 3 426 шақырым мемлекет меншігінде. Желілердің 72,4% тозығы жеткен. Бұл республика бойынша көрсеткіштен 66% жоғары.

Толығырақ
Қостанайдағы электр желілерін тарататын компания қызметкерелінің жалақысы неге мардымсыз?
Басты жаңалықтар, Мәселе

Қостанайдағы электр желілерін тарататын компания қызметкерелінің жалақысы неге мардымсыз?

Қостанайда электр өнімдерді тарататын  электржелілік компания бар. Осы  “EPK-forfait” ЖШС кәіпорындарға электр энергиясын беруді негізгі міндет етіп отырған бірден-бір ұйым.

Толығырақ
Тозығы жеткен аулалар қашан жөнге келеді?
Басты жаңалықтар, Мәселе

Тозығы жеткен аулалар қашан жөнге келеді?

Тозығы жеткен асфальт, шаңы бұрқырап, шөбі ну болған жол, балалардың ескірген ойын алаңы. Бұл – 5-шағын аудандағы №1 үйдің ауласы. Қарасаңыз, қала іші емес, ұмыт қалған айдала сияқты. Ауланың берекесі кетіп, тоз-тозы шыққалы қай заман. Неше жылдан бері ПИТК (пәтер иелерінің тұтыну кооперативі) күтімге алса да бір оңдырып іс атқарған емес.

Толығырақ
«Жер аманаты» партиялық жобасын іске асыру жұмыстары қарқын алып жатыр
Мәселе

«Жер аманаты» партиялық жобасын іске асыру жұмыстары қарқын алып жатыр

Облыста аймақтық «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері жергілікті жерлерге шығып, ауыл тұрғындарымен кездесуде. Олардың арыз-өтініштерін тыңдап, көшпелі отырыстар барысында қордаланған мәселелердің оң шешімін табу үшін жұмыс атқарып жатыр.

Толығырақ
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстандықтардың өтініштерін елемеген FlyArystan компанисына жаңа талап қойды
Мәселе

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстандықтардың өтініштерін елемеген FlyArystan компанисына жаңа талап қойды

Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстандықтардың өтініштерін елемегендіктен FlyArystan әуекомпаниясына қатысты талап-арыз дайындау туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Tengritravel.kz. “Қазіргі уақытта комитет FlyArystan авиакомпаниясына қатысты оннан астам тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты талап қоюды бастау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Толығырақ
Бүгін таңертең интернетсіз қалған Kcell/Activ абоненттеріне бонус берілді
Мәселе

Бүгін таңертең интернетсіз қалған Kcell/Activ абоненттеріне бонус берілді

Kcell/Activ байланыс операторының сервистері толықтай қалпына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Сағат 10:00 кезінде Kcell/Аctiv абоненттерінің ұялы байланыс қызметі толықтай қалпына келтірілді. Бүгін таңертең байланыс бойынша проблема Астана мен басқа да бірқатар қаладағы абоненттерде байқалды», – делінген аталған компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Толығырақ