Әуе тасымалымен қатынайтын жолаушылардың қону қызметінің сапасын жақсарту кезек күттірмейтін мәселе. Өңіріміздегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы халықаралық аэровокзалды кеңейтуге жаңа жоба қолға алынған болатын. Әсіресе, ұшып келу залының аумағын үлкейтіп, жаңадан телескопиялық трап салу көзделген. Яғни, жолаушылар бұдан былай терминал ғимаратынан сыртқа шықпай-ақ, жабық өткелмен ұшаққа бір-ақ кіреді.
Өзекті даулар бейбіт жолмен шешілуде
Жанкелдин аудандық сотында алименттерді өндіру жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға ішкі істер органы қызметкерлері, нотариус, медиаторлар қатысып, пікірлерін ортаға салды.
Мүдделестер қызметінде мін бар ма?
Мемлекеттік қызметшілер мен журналистердің мақсаты бір – қоғамға қалтқысыз қызмет ету. Осы екі сала өзара қарым-қатынас кезінде қандай мәселелерге тап болады? Ақпарат алмасуда қандай кедергілер бар? Кейбір орган өкілдері неге тілшілермен байланыс орнатудан басын ала қашады? «Мемлекеттік қызмет имиджі БАҚ көзімен» аталған жиында осы және басқа да түйткілдер сөз болды.
Ветеринария саласында шешімін күткен мәселе көп
Ветеринариялық-санитариялық салада кезек тостырмас түйткілдер, мақсат-міндеттер аз емес. Облыста қауіпті кеселдерге қарсы күресті күшейте түсу қажет. Бірнеше өңірде әлі күнге дейін мал қорымы жоқ. Тұрғындардың тынышын алып біткен иесіз жануарларды уақытша ұстайтын нысандар көптеген ауданда салынуы керек. Ветеринарлық станциялардың қызметтік көліктері жаппай ескірген. Ос және өзге де түйткілдер облыс әкімдігінде өткен жиында жан-жақты қаралды. Агроөнеркәсіп […]