Жол саласында мамандар тапшы

Жол саласында мамандар тапшы

Жол салу, қайта қалпына келтіру ауқымы, жол құрылысының өркендеуі жоғары білікті жол мамандарын қажет етеді. Бүгінде Қазақстанда әрбір нысанда инженер-құрылысшылар, зертханашылар, асфальт төсеу операторлары, механизаторлар, арнайы техника машинистері, геодезистер жетіспейді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының деректері бойынша, бүгінгі таңда жол маманының бос орны Қазақстанда ең сұранысқа ие болып саналады. Сонымен қатар, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері мен басқармаларында 1,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді, олардың тек 190-ы – жол инженері мамандығы бойынша білім алғандар.Еңбек нарығы қарқынды өзгеруде. 10 жыл бұрын өзекті болған мамандықтар қазір сұранысқа ие емес. Нарыққа жаңа бағыттардың шығуын әлемдік тенденциялар талап етіп отыр. Қазақстан – аумағы жағынан әлемдегі тоғызыншы ел. Автожолдар желісінің ұзындығы – 96 мың шақырым (республикалық маңызы бар – 25 мың, жергілікті жолдар – 71 мың). Сонымен қатар, ҚР-да 61 мың шақырым көше жолдары желісі бар. Қазақстанның осы саладағы әлеуеті зор, алда көп жұмыс күтіп тұр. Алайда нарықта жақсы кадрлардың тапшылығы байқалады.

«Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін біздің кәсіпорын мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге бағытталған “2000 мектеп” акциясын ұйымдастырдырып келеміз. Қазіргі таңда жол шеберлері, инженер-құрылысшылар, инженер-сметашылар, зертханашылар, асфальтбетоншылар, асфальттөсеушілер, автогредеристер, механизаторлар, ресайклерлер, арнайы техника машинистері және т.б. мамандар жетіспейді. Бұл негізгі жол күштері. Сонымен қатар геодезистер, картографтар, метеорологтар, механиктер, токарьлар, жобалаушыларда қажет. Бұл мамандыққа түскендер бірден жұмысқа орналастып кетеді, әрі жоғары жалақыға ие болады» – дейді Қостанай облысы Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының директоры Рафис Зинетов.

Бүгінгі таңда ұлттық сапа орталығында 150 студент өндірістік практикадан өтті, оның 18-і оқуды бітіргеннен кейін ҰКОО-ға жұмысқа орналастырылды. Практиканттар ай сайын кемінде 80 мың теңге табады, ал диплом алғаннан кейін, мысалы, зертханашы болып жұмысқа орналасып, 400 мың теңгеден және одан жоғары табыс таба алады.

Жаңалықтармен бөлісу