Қостанай төрінде 22 жылдық тарихы бар халықаралық «Алтын микрофон-2026» әншілер байқауы басталды.
Қазақтың күйі Венгрия төрінде күмбірлейді
Қостанай облыстық Елубай Өмірзақов атындағы филармонияның этнографиялық-фольклорлық ансамблі «Шертер» 13–20 тамыз аралығында Венгрияның Бугац қаласында өтетін халықаралық «Ғұн-түркі құрылтайына» қатысады.
«Кітап оқитын ұлт» ауқымды жобасы басталды
Тобыл-Торғай өңірінде «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры мен облыс әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр.
«Арқалықтың ақ таңы» – мерейтойға тамаша тарту
Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында қаланың 70 жылдық мерейтойына арналған «Арқалықтың ақ таңы» спектаклі кезекті рет көрермен назарына ұсынылды.
«Шертер» қайта жаңғырды
Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойында кезінде негізін мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібек қалаған «Шертер» ұлттық этнографиялық ансамблі сүйікті сахнасына қайта оралды.
Мәдениет саласының үздіктері марапатталды
Қостанай жері – қашан да береке мен бірліктің, дарынды тұлғалар мен бай руханияттың ордасы. Бүгін облыстың торқалы тоқсан жылдығын атап өту қарсаңында Қостанай жұрты дәстүрге айналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық фестивалінің куәсі болды.
Қазақстандықтардың қоғамдық кеңестерге жолдаған өтініштерінің 60%-дан астамы оң шешімін тапты
Қоғамдық кеңестер институты мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып келеді. Бүгінде елімізде 264 қоғамдық кеңес бар. Оның 36-сы – республикалық, 228-і – жергілікті деңгейде жұмыс істейді. Кеңес мүшелерінің 74%-ын азаматтық қоғам өкілдері құрайды.
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
Астанада ағза трансплантациясы, трансплантолог дәрігерлердің еңбегі және өмірлік маңызы бар операцияны күтіп жүрген адамдардың тағдыры туралы баяндайтын «Хабар» агенттігінің «4739» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.
Торғайда ардагерлер өнер көрсетті
Саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған ардагерлердің «Ардагерім – ардағым» атты концерті көпшілік назарына ұсынылды.
Теріскейге көш: қызылордалықтардың дені СҚО және Қостанай облыстарын таңдаған
Биыл алғашқы жарты жылда Қызылорда облысынан еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне 49 отбасы немесе 190 адам қоныс аударды.
