21 сәуірінде Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы барлық тілек білдірушілер үшін әдеттен тыс жұмыс күнін ұйымдастырады.
“Аққауырсындықтар” ғашықтар күнін атап өтті
Қостанайдағы он жылға жуық тарихы бар “Ақ қауырсын” әдеби клубының жас қаламгерлерді бір арнаға тоғыстыруда атқарып келе жатқан еңбегі орасан зор. Күні кеше аталмыш клуб ғашықтар күніне орай “Жанымнан менің жырақтамашы” атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.
“Сөйле, сурет!”
Елімізге және алыс-жақын шетелге есімі етене таныс суретші Аңсаған Мұстафа алғаш рет Қостанайға келді. Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде қылқалам шеберінің “Сөйле, сурет!” атты көрмесі ашылды. Бірінен бірі асып түсетін 56 сурет музейдің “Бейнелеу өнері” залына қойылған.
Бата – тынысың, тағам – ырысың
Осындай атаумен Сарыкөл аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет қазақтың ұмыт болған ұлттық тағамдары мен бата беру дәстүрін дәріптеп, өнегелі салтын насихаттауға арналған аудандық сайыс өтті. Жайылған ақ дастарханда қазақтың ұмыт бола бастаған тағам түрлері самсап тұрды. Оны үлкендер жақсы білсе де, жастар үшін таңсық еді. Сайысқа атсалысқан қазақтың келіндері байқаудың шарты бойынша төңкерме, ұйқыашар, […]
Жауһардай жарқыраған DIAMONDS
23-26 наурызда Ташкент қаласында “Жаныңды салып би биле” атты халықаралық байқау өтті. Үздік ұжымдар бәсекесіне Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл кентінің DIAMONDS хореографиялық ансамблі қатысып, зор олжаға кенелді.
Бишілер шеберліктерімен бөлісті
Облыстық халық көркемөнерпаздар шығармашылығы және кинобейнқор орталығы облыстық білім басқармасымен бірлесіп шеберлік сыныбын өткізді. Ол Қостанай педагогикалық колледжінде өтіп, «Көркемөнерпаздар би ұжымдарындағы би композициясының қойылымдық жұмысы» тақырыбын қамтыды. Осылайша жиналғандар кәсіби деңгейді арттырып, озық тәжірибе алмасып, би композициясын сахналау жұмысының жаңа технологияларымен танысып, біліктілігін арттырды.
«Өнер керуені» ауылдарды аралайды
Өңірді биыл облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен «Өнер керуені» жобасы іске асады. Жоба аясында өнерпаздар ауыл-ауылдарды аралап, мәдени шаралар өткізбек. Негізгі мақсаты – ауыл халқына рухани азық сыйлау, ауылдық клубтардың деңгейін көтеруге ықпал ету, өңірлік өнер ұжымдарына қолдау көрсету, дәстүрлі өнерді насихаттау. Тың бастама 6 сәуірде Федоров ауданының Пешков және Баннов ауылдарынан бастау алады.
Әртіспен емен-жарқын әңгіме
27 наурыз – Халықаралық театр күні аясында Арқалықтағы №2 кітапхананың өнер секторының ұйымдастыруымен “Өнер тұнығы ел ішінде” атты кеш-диалог өтті. Кеш қонағы, жергілікті жасөспірімдер театрының әртісі – Әлібек Манетов.
«Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы өтті
Арқалықта Халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің туғанына 120 жыл толуына орай «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы өтті. Айтыстың ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Мешітбай Қайыржанұлы құттықтау сөз сөйлеп, жас ақындарға сәттілік тіледі. Қостанай облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы мен кино бейнеқор орталығының ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі шара осымен 31 – ші мәрте өткізіліп отыр. Жыр […]
Амангелді ауданында “Қанатты домбыра” атты жас күйшілер байқауы өтті
Ұлт батыры Аманкелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Аманкелді ауданының құрметті азаматы, дәулескер күйші-композитор Айтбай Мұздахановтың шығармашылығына арналған тұңғыш рет «Қанатты домбыра» атты облыстық жас домбырашылар байқауы өтті. Оған 34 өскелең өнерпаз қатысты.