Облыстық қуыршақ театрына Алматы қаласының «Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жас актерлері Нұрбек Рамазанов пен Айбек Иманмадин келді.
Киелі 7 саны «Ұлттық домбыра» күнінің басты ерекшелігі болмақ
Биыл «Ұлттық домбыра» күні ерекше аталып өтеді деп жоспарланып отыр. 7-ші айдың 7-ші жұлдызында сағат кешкі 7-де қазақтың 7 күйі бір мезетте орындалмақ. Осылайша киелі 7 саны домбыра күнімен ұштасып, мерекеге ұласпақ.
Үздіктерден үздік шықты
“Тәуелсіз ел жастары” қоғамдық қоры ұйымдастырған «Қазақстанның үздік мәдениет қызметкері» Республикалық байқауында белгілі қолөнер шебері, Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдин жеңімпаз атанды.
Елімізде кітапханалардың бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылады
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.
Талабы таудай Жанерке
Аманкелділіктер Жанерке Хамитбекованы білікті маман ретінде таниды. Тіпті, бойжеткен қыздарына Жанеркені үлгі етіп отырады. Ол аудандық музыка мектебінде қобыз сыныбында сабақ береді.
Жаңа жылда жаңа жобалар көп
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен өңірімізде көптеген іс-шаралар өтеді. Ол жөнінде орталықтың көркемдік жетекшісі Бағдат Оспанов жан-жақты сараптап, әңгімелеп берген еді.
Қазақ труппасы қашан ашылады?
Газетіміздің шілдедегі санында облыстық қуыршақ театрына қазақ труппасы ашылатыны жайлы ақжолтай хабарды жеткізген едік.
Тарихи өлкетану музейі Өтей батырдың портретімен толықты
Сұрапыл соғыста туған жерін қорғау үшін жан алысып, жан беріскен батырлардың есімі ел жадында. Қараша халық, саналы ұрпақ баба ерлігін ұмытпақ емес. Күні кеше Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде XVIII ғасырда өмір сүрген Өтей батырдың кескіндемелік портреті табысталды. Оған батыр ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері көзайым болды.
ДАРХАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОМБЫРАШЫЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы Дархан Қанапин күйші, композитор «Күй атасы» Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған 9-12 жас аралығында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы Республикалық домбырашылар байқауында 1-орынға ие болып, лауреат атанды.
Алматыда музейге келушілер саны екі есе өсті
Алматы музейлері 2023 жылы кіру билеттерін сату арқылы 60 миллион теңгеден астам табыс тауып, ағымдағы жылға арналған жоспарды 200% асыра орындады. Бұл туралы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев музей ісін дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында мәлімдеді.