Туған жерге оралу

Туған жерге оралу

Бүгін Қазақстанның танымал суретшісі, жерлесіміз, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Ғалым Оспановтың «Оралу» атты дербес көрмесі мен каталогының тұсаукесері өтті.

Кездесуге суретшінің жары, Қазақстан Респуликасы Ұлттық кітапханасының басшысы, қазақстандық кітапханалық одақтың төрайым, жерлесіміз, музей жанашыры Бақытжамал Оспанова да қатысты.

blank blank

Ғалым Оспанов – республикалық және халықаралық көптеген көрмелердің қатысушысы.

blank

Оның туындылары Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында, сондай-ақ Отандық және шетелдік өнер бағалаушыларының жеке топтамаларында сақталған.

blankblank

Ол өзінің топтамасын туған жеріне тарту етті.

Толығырақ газеттен оқи аласыздар.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА 

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков