Бүгін Қостанай қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жиын алдында журналистердің сауалдарына жауап берді.
Қостанайда халықаралық форумға байланысты полиция нарядтарының саны артты
Полиция департаменті Халықаралық форум өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Денисов ауданының шалғай ауылдарына бейнебақылау камералары орнатылып жатыр
Денисов ауданы қауіпсіз ауданға айналып келеді. Қазіргі таңда ауданда 12 бейнебақылау камерасы орнатылған. Биыл жергілікті бюджет есебінен 16 млн 576 мың теңгеге қосымша 6 камера орнатылды.
Алматыда белсенді әйелдер бас қосты
Алматы қаласында V Еуразиялық әйелдер Саммиті өтті. Оған Қостанай облысынан 18 әйел қатысып келді. Оның төртеуі әйелдер күштері Альянсынан және он төрті Іскер әйелдер қауымдастығынан атсалысты.
Елордада Азаматтық форум өз жұмысын бастады
Астанада «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның XI Азаматтық форумы басталды.
“Дүрбелең болады деп ойлаған жоқпыз” – министр “Оян, қазақ!” фильмінің прокаты туралы пікір білдірді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отандық “Міржақып. Оян, қазақ!” фильмінің прокатына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Қаржы пирамидаларымен күресудің қандай амалдары бар?
Талайды сан соқтырған, қаншама өмірді жалмаған қаржы пирамидасы жайлы білмейтін адам кем де кем. Көл көсір ақшаның астында қаламын деп көз жасын тия алмай жүргендерді көріп жүрміз. “Қаржы пирамидасы” деген алаяқтардың алаңы екенін білсе де әлі күнге дейін оның шырмауынан шыға алмай жүргендер бар. Оның басты себептерінің бірі, халқымыздың қаржылық сауаттылығының төмендігі болып отыр.
Жан Ақжанов: Халықтың қаржылық сауаттылығын дамыту қажет
Қоғам қайраткері, жазушы Жан Ақжановпен кездесуде облыс бойынша экономикалық тергеу департаменті қаржы пирамидаларының заңсыз азаматтарды тарту фактілеріне жол бермеу мәселесі талқыланды. Осы жылы облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті «BestWay», «LifeIsGood», «PlatinCoin», «QNet”», «Hermesmanagement LTD» қаржы пирамидалары қызметінің жолын кескен.
ТОРҒАЙДЫҢ ХАТИКОСЫ
Амантоғайдан бұрылып, Арқалыққа қарай бет алып барамыз. Сәлден соң алдымыздан Кейкі батырдың кесенесі көрініп қалуы тиіс. Тасты ауылдық округінің шекарасына іліккеніміз сол еді, көлік тізгінінде отырған Жарқын есімді жігіт ағасы жүрісін кілт тежеп, күре жолдың оң қапталындағы асфальтталған ашық алаңның арғы бетіне тіреліп тоқтады.
Танымал қоғам қайраткері Қостанайға келді
Қостанайға қоғам қайраткері, жазушы Жан Ақжанов іс-сапармен келіп, экономикалық тергеу департаменті қаржы пирамидаларының заңсыз азаматтарды тарту фактілеріне жол бермеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.