Қоғам қайраткері, жазушы Жан Ақжановпен кездесуде облыс бойынша экономикалық тергеу департаменті қаржы пирамидаларының заңсыз азаматтарды тарту фактілеріне жол бермеу мәселесі талқыланды. Осы жылы облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті «BestWay», «LifeIsGood», «PlatinCoin», «QNet”», «Hermesmanagement LTD» қаржы пирамидалары қызметінің жолын кескен.
Облыстық әкімдікте экономикалық тергеу департаменті мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен қоғам қайраткері Жан Ақжановпен кездесу ұйымдастырды. Басқосуға тергеу басқармасының басшысы, эконмикалық тергеу қызметінің майоры Жандос Садықұлы, Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Ерлан Битанов қатысты.
Жазушы Жан Ақжанов Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы. Көптеген жылдар бойы шет елдерде тұрған. Ол бірнеше тілді жетік меңгерген. Жан Ақжанов – «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Твой ночной день», «Путь врача» сондай-ақ, «Степь и судьба», «Камни, сбитые с неба» сияқты кітаптардың авторы.
Қоғам қайраткері жүйелі түрде еңбек ұжымдарымен, қоғаммен салауатты өмір салтын ұстану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық сияқты өзекті тақырыптарды қозғап келеді. Оның шығармаларында әрбір азаматтың басынан өткен әлеуметтік бағдар, өмірлік жағдайлар тақырыптары жан-жақты қамтылған.
Департаментпен қаржы пирамидаларына салымдарды жүзеге асыру үшін 165 клиент қолма-қол ақша алған 6 криптовалюталық пункттердің қызметін тоқтатты. Департамент басшыларының айтуынша, халық өз жинақтарын жаңа алаяқтық схемаларға салуды жалғастыруда. Көбінесе адамдар инвестициялар, инновациялар, жарнама компаниялары, халыққа таныс емес Іt-өнімдер туралы естігенде, алаяқтарға алданады.
«Қазақстандағы қаржы пирамидаларының құрбандары 31 жастан 60 жасқа дейінгі адамдар. Бұл ретте олардың 74%–ның жұмысы бар. Ал 62%–ның жоғары білімі бар. Экономикалық тергеу департаменті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Алайда, күмәнді операцияларға ақша салатын азаматтардың саны жылдан жылға артып келеді. Агенттік қазақстандықтарды алаяқтардың әрекетінен қорғауға көмектесетін Telegram боты мен мессенджерін тікелей әзірледі. Енді біздің азаматтар осы боттар арқылы сайттар мен әлеуметтік желілерді қаржы пирамидаларының белгілері бар-жоғын өз бетінше тексере алады», – дейді Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Ерлан Битанов.
Қоғам қайраткері Жан Ақжанов тіпті қаржы пирамидаларының белгілерін танудың өзі қауіпсіздікке кепілдік бермейтінін айтады. Сондықтан кез-келген адам алаяқтық схеманың құрбаны бола алады.
«Бұған бір дәлел АҚШ-та 40 жыл бойы қаржы пирамидасы болғаны тарихтан мәлім. Жақында ғана оның басшысы сотталды. Алаяқты оның ұлы ұстап берген. Алаяққа әлемдегі ең ірі инвестициялық қордың жұмысы үшін 150 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Көбінесе әйел адамдар қаржы пирамидаларына көп ақша салады», – дейді Жан Ақжанов.
Биыл жыл басынан бері «Hermesmanagement LTD» және “QNet” қаржы пирамидаларына қаражат тарту бойынша 2 қылмыстық іс
ақталмайтын негіздер бойынша өндіріс тоқтатылды, салымшыларға 47 млн теңгеден астам сомаға залалды өтеу жүзеге асырылды. Сонымен қатар, “Antares” қаржы компаниясын құру және басшылық еткені үшін О.В. Тропанец 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған. Аталған компания 45 жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы
44 265 269 теңгені құрады.
Спикер Жан Ақжанов жергілікті атқарушы органдарға қаржы пирамидаларын әшкерелейтін блогерлермен ынтымақтастықты ұсынды. Сонымен қатар, қаржылық пирамидалар бойынша пікірталас клубын ұйымдастыруды жөн санайды. Оның айтуынша, халықтың назарын әлеуметтік роликтер арқылы аударту қажет.
Әсел ҚИБАШ