Облыс диқандары толассыз жауған жауын-шашынның кесірінен егінге батыл кірісе алмай отыр. Өңірде осы уақытқа дейін алқаптағы астықтың тек 30-35%-і ғана орылған.
«Сезімнің» тәттілері
Науырзым ауданында биылғы жылы жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты төрт адам алатын болды. Қазіргі уақытта екеуі мемлекеттік грантқа ие болып, өз істеріне бастама алды. Алғашқы болып Қожа ауылының тұрғыны Орынгүл Жұмағазина бастап, кондитерлік өнім шығаратын шағын цехты үйінен ашып, тұсауын да кесті.
Әулиекөл ауданының тұрғыны құс фермасын ашты
Облыстың түкпір-түкпіріндегі кәсіпкерлер “Ауыл аманаты” бағдарламасының жемісін көріп отыр. Солардың бірі – Әулиекөл ауданына қарасты Чернигов ауылының тұрғыны Тахир Сапаев.
Жанұзақ Бейсенәлі: “Жоба да жоспар да көп”
Жанұзақ Бейсенәлі – Жітіқара өңіріндегі өндірісін өрге жүздірген табысты кәсіпкер. Бүгінде заманауи технологиямен жұмыс істейтін швед және орыс пештері орнатылған наубайханасында тәулік сайын төрт мың нан пісіп шығады. Жітіқара ауданымен қатар, көршілес Денисов, Қамысты аудандарының тұрғындарын ас атасымен қамтамасыз етіп отыр.
Федоровтық кәсіпкер әйелдердің өнімі де, көңілі де таза
Ауылдағы кәсіпкер әйелдің қаладағылармен салыстырғанда істейтін жұмысы екі есе. Бала-шаға күтімі, үйдегі, сырттағы шаруалар, бау-бақшасы тағы бар. Бірақ сөйтіп жүріп, барлығына үлгереді. Олардың тұлға ретінде өзін дамытуға, көрсетуге мүмкіндік жасалуы керек. Соны ескерген «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесі Федоров ауданында облыстық деңгейде бизнес-форум өткізді.
Ауылда жұмыс бар, тек маман керек
Қазіргі таңда аудан-қалаларда білікті кадрлардың тапшылығы жоғары. Түрлі салада бірқатар жұмыс орындары бос. Бұл мәселе Қамысты ауданында айналып өтпеді.
Науырзымдық келіншек кәсібін кеңейтті
Қожа ауылында тұратын Гүлбану Рахметова үш жыл бұрын мемлекеттен «Ауыл» бағдарламасы бойынша 585 мың теңге қайтарымсыз грант алып, кәсібін дамытып. Ол қаражатқа газ плитасы, қамыр илегіш, нан салатын қалыптар, таразы сатып алған.
Арқалықтық тұрғын кәсібін кеңейтті
Қазіргі заманда еңбек істеймін деген жанға жол ашық. Елімізде кәсіпкерлікті қолдаудың сан түрлі бағдарламалары бар. Демек, көзін тапқанның айы оңынан туатын заман.
Мәселенің шешімі қандай болмақ?
Қостанай қаласында қызметкерлеріне жалақысын бере алмай отырған үш кәсіпорын бар. Олардың 141 жұмыскер алдындағы берешегі 18,4 млн теңге.
Кәсіпкерлер маңызды іске мән берді
Жергілікті жердегі кәсіпкерлердің пікірін зерделеп, бизнес-қоғамдастықта туындайтын мәселелерді шешу үшін сындарлы диалог құру маңызды шара. Бұл іс-шара жалпы өңірде оң бизнес-ахуалды қалыптастыруға бағытталған.