2023 жылғы 22 қыркүйекте «Жастар Сарайы» ғимаратында (Қостанай қ., Юбилейный ш/а, 56) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Қостанай облысы мемлекеттік органдарының басшылығы «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін» өткізеді.
Мүлік салығын төлеу мерзімі 2 қазанда аяқталады
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталып қалғанын еске салады.
Шекараға қатысты ақпараттың жалған екені анықталды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі облыс шекарасында арандатушылық болды деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Ол ақпарат осы жылдың 8 қыркүйегінде тараған болатын. Видеодан Қостанай қаласында өткен жоспарлы далалық оқу-жаттығу жиынына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының автокөліктер колоннасының бара жатқанын көруге болады.
«Артспорт» балаларға арналған бағдарлама
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылдың мамыр айында республика бойынша мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс арқылы спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерде балалардың сабақтарын жанбасына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша реформа басталды және «ArtSport» (өнержәне спорт) бейресми атауын алды. Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі – денісау, мәдени және шығармашылық жағынан дамыған тұлғаларды тәрбиелеу.
«Ұлы дала» республикалық әдеби байқауы жарияланды
«AMANAT» партиясы дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының басталғанын хабарлайды. Биыл әдеби байқау Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орайластырылып отыр.
Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өтеді
Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.
Жастарға керемет мүмкіндік сыйлайды
Қостанай қаласының мансап орталығы алдыңғы бес жыл ішінде оқуын аяқтаған және 35 жастан аспаған білім беру ұйымдарының түлектерін алған мамандық бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында жұмысқа орналасу үшін шақырады.
Қостанайда ҚР Президент іс басқармасы медициналық орталығының күндері өтеді
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. 2023 жылғы 21-24 тамыз аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мамандары делегациясының өңірімізге іссапармен келмек.
Қала күніне орай қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді
Алтынсарин көшесі (Тәуелсіздік және Гоголь көшелерінің шекараларында) жабылады деп хабарлайды Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.
Тариф жобасын талқылайды
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Костанайский Энерго Центр» ЖШС өтінімі бойынша қызметтерге тариф жобасын талқылау жөнінде жария тыңдау өткізілетінін хабарлайды. «2023 жылғы 24 тамыз сағат 15:00-де Қостанай қаласы, Қорған көшесі, 8 мекенжайында тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында көрсетілетін қызметтер құнының өсуіне, шекті бағаның саралануына және қызметкерлердің жалақысының өсуіне байланысты […]
