Ертең облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығады. Онда жалпы салмағы 6 тоннадан асатын «Ariel » және «Tide» маркалы контрафактілік кір жуғыш ұнтақ, жалған есепке алу-бақылау маркасыз «Белая лоза» (1 330 бөтелке), «Талас» (1 508 бөтелке) алкогольді шарап өнімдерін, ілеспе жүк құжаттарын және 20 000-нан астам
жапсырмаларды жою жоспарлануда.
Заттай дәлелдемелерді арту жұмыстары Гоголь 183 және Перронная
16А мекенжайларында жүргізіледі.