Қостанай қаласының кез келген уақытша орналастыру пунктіне дейін сапар құны 10 теңге. Бұл жағдайда жүргізушілер тапсырысқа толық төлемақы алады.
Қостанайда тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға арналған көмек қоры құрылды
Тасқын қаупіне қарсы күрес, жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсету Қостанай ауданында жалғасып жатыр. Бұл іске жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерімен бірге, еріктілердің сіңіріп жатқан еңбегі зор.
Қала әкімдігі су тасқыны кезінде тұрғындарға ikomek қызметіне жүгіну жолдарын ұсынды
Ол үшін 109 нөміріне қоңырау шалу қажет. Онда байланыс пункттері қызмет тізімін жасайды.
“Еріктілерден гөрі еріккендер көп”. Қостанайлық полицейлер тұрғындардан кедергі жасап, кептеліс тудырмауды сұрады
Қостанайда тасқын суды қызықтауға жиналған тұрғындар, босқа сабылып жүрген жұрт құтқару, алдын алу шараларын жүргізуге кедергі келтіріп жатыр. Осыған байланысты, тәртіп сақшылары халыққа үндеу жариялады.
Бөгеттің жарылғаны туралы хабар жалған болып шықты
Бұған дейін ватсап желісінде Қостанай ауданы Заречный ауылында бөгет жарылып, тұрғын үйлерді су басты деген хабар тараған еді. Тиісті органдар осы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтеді
Депутаттар жылу-энергетика және электр энергетикасы мәселелері бойынша ілеспе түзетулерімен «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарайды.
Жолдар жабылды
Тасқын судың салдарынан Арқалық-Торғай тас жолы мен Жанкелдин ауданының ішкі жолдары жабылғанын хабарлаған болатынбыз.
Облыстың оңтүстік өңіріндегі жолдар жабылды
Қазіргі уақытта облыста 16 түрлі бағыттағы ішкі жолдарды су басты. Осы жағдайға байланысты республикалық, облыстық маңызы бар кейбір жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды.
Қостанайдан Ақтөбеге шығатын жол жабылды
Көршілес Ақтөбе облысының ауылдарын су басуына байланысты, “А-22 Қарабұтақ – Қостанай” Республикалық маңызы бар жолды жабу туралы шешім қабылданды.
Торғай өңіріндегі төтенше жағдайға байланысты Еріктілер штабы өз жұмысын бастады
Көмек сұраған немесе көмек беремін деушілер болса, келесі қабылдау пункттеріне хабарласуларыңызға болады: