Қостанай қаласының кез келген уақытша орналастыру пунктіне дейін сапар құны 10 теңге. Бұл жағдайда жүргізушілер тапсырысқа толық төлемақы алады.
Осылайша Қостанай облысының (Қостанай, Тобыл) сервиспен қамту аймағынан қала бойынша су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды ресми уақытша орналастыру пункттеріне апарады. Мұндай тапсырыстарды орындайтын жүргізушілер өздерінің жасаған сапарлары үшін толық төлемақы алады. Құн айырмашылығын компания өтейді.
Бұдан бұрын Яндекс Қазақстан заттарды Яндекс Go қосымшасы арқылы ресми гуманитарлық көмек жинау пункттеріне сол бағаға (10 теңгеге) жеткізуге болатынын жариялаған болатын.
Карты сайтында бүкіл ел бойынша гуманитарлық көмек жинау пункттерін, сондай-ақ БҚО, Қостанай және Атырау облыстарында уақытша орналастыру пункттерін табуға болады. Сонымен бірге су тасқынына байланысты уақытша жабылған жолдар туралы ақпарат шұғыл түрде жаңартылып отырады.
Өңірлер бойынша маңызды ақпарат пен жедел желілердің байланыс деректері бар төтенше жағдай туралы хабарландырулар Яндекстің басты іздеу бетінде және Яндекс, Яндекс Карты, Яндекс Браузер, Яндекс Go қосымшаларында қолжетімді.
Маңызды байланыс деректері мен сілтемелер
Қостанай қаласының уақытша орналастыру пункттері картада (тізім жаңартылуы мүмкін)
Су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункттері картада көрсетілген.
Қостанай облысы бойынша жедел желі телефоны +7 (7142) 50-19-60