Еліміздің сегіз облысындағы елді мекендерде ауқымды табиғи апат салдарынан азаматтарға келтірілген материалдық шығынды бағалау және өтеу бойынша арнайы комиссиялар жұмыс істейді.
Арқалық – Державин жолы жабылды
Есіл өзенінде су деңгейінің өсуінен “Жезқазған-Петропавл” тас жолының 339-377 шақырымын су басуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар арасында жаппай түсіндіру жұмыстары басталады
Ақпараттық жұмыс жүргізу үшін облыс мәслихатының депутаттары мен қоғам белсенділерінен құралған қоғамдық штабтың құрамы бекітілді. Штаб өкілдері бүгін облыстың оңтүстік өңірлеріне жолға шықты.
Төтенше жағдай жарияланған өңірлерге арнайы комиссия құрылды
Олар зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу бойынша өз жұмыстарын бастады.
Жалдама – Әулиекөл тас жолы жабылды
Наурызым ауданы Дәмді ауылының тұсындағы бөгеттің жарамсыз болуына байланысты Жалдама – Әулиекөл бағытындағы тас жол жабылды.
Су тасқыны кезіндегі мал шығындарына төлем жүргізу басталды
Қазір арнайы құрылған комиссия су тасқынынан зардап шеккен 901 үй жануарының құжаттарын жинады. Олардың 214-і өтемақысын алды.
Тасқын судан зардап шеккен мүлікті техникалық тексеру басталды
Материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі арнайы комиссия өз жұмысын 8 сәуірден бастады.
КЖБИ ауданындағы көпір ертең ашылады
КЖБИ ауданындағы көпір көлік қозғалысы үшін 12 сәуір, сағат 8:00-ден бастап ашылады. Бірақ тек жеңіл көліктер ғана жүре алады, ал жүк көліктеріне дүйсенбіден бастап қана рұқсат етіледі. Сол уақытқа дейін жол төсемі кеуіп, ауыр техниканы көтере алатындай болуы керек
Полиция департаменті жолаушыларға ескеру жариялады
Облыстағы су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына орай республикалық, облыстық маңызы бар бірнеше бағыттағы жолдардың кейбір жерлері уақытша жабылды. Аудан аралық жолдардың жиектеріне су толуына байланысты жөндеу шаралары қолға алынбақ.
Орталық көпір уақытша жабылады
Су тасқынынан кейін құбыр бөлшектерін жөндеп, тазартуға байланысты “Қостанай-Тобыл” бағытындағы жол көліктің барлық түрлері үшін 9 сәуір күні сағат 01:00-ден 03:00-ге дейін уақытша жабылады.