Қазір арнайы құрылған комиссия су тасқынынан зардап шеккен 901 үй жануарының құжаттарын жинады. Олардың 214-і өтемақысын алды.
Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Кушубенова айтып өткендей, мемлекет қаражатын шығын болған малдың иелері табиғи сипаттағы залалды өтеу ережелеріне сәйкес алады.
“Қазіргі уақытта төлемдер зардап шеккен үш ауданда – Аманкелді, Жанкелдин және Арқалық қаласында жүргізіліп жатыр. Осы үш елді мекеннің әрқайсысында шығын болған малдың тізімі бойынша ветеринариялық мамандар берген құжаттар негізінде анықталады. Бұл ветеринариялық паспорт немесе ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру нормативтерін талап етеді”, – деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.
Осы үзінді көшірменің немесе ветеринариялық паспорттың негізінде жануардың жынысы, жасы, түсі, тұқымы белгіленеді. Бұдан әрі жиналған құжаттар бағалау компаниясына беріледі. Ол өз кезегінде орташа нарықтық құны бойынша залал сомасын анықтайды.
Су тасқынынан кейін табылған жануарлардың орындары дезинфекцияланып, барлық мәйіттері траншеяларда өртеніп, көміледі.
“Зардап шеккен екі ауданның әрқайсысында Аманкелді және Жанкелдин, сондай-ақ Арқалық қаласында жергілікті атқарушы органдардың жанынан өтемақы төлеуді жүзеге асыратын комиссиялар ұйымдастырылған. Тұрғындар осы комиссияларға әкімшілік-аумақтық тиістілігіне сәйкес жүгінулері қажет”, – деді Айнагүл Кушубенова.