Үш жыл қатарынан болған қуаңшылық агроөнеркәсібі шалқыған Жітіқара өңіріне оңай тиген жоқ. Былтырғы тәуір егін мен көктің шығымы шаруалардың еңсе көтеруіне сеп болғандай. Биыл бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша экономика дамуының негізгі көрсеткіштері оң қарқын көрсетіп отыр.
АРМАН АЛЫСТАРҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Еліміздегі талантты жастарды қолдау, олардың бойындағы қабілеттерін ұштай түсу Н.Назарбаев қорының негізгі мақсаты. Озық ойлы азаматтарды ұдайы демеп келе жатқан аталған Қор мүмкіндігі шектеулі жандарды да ұмытқан емес. А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетте дәріс оқыған астаналық меймандар ұйымның қолға алған жұмыстарының бір парасымен таныстырды. Кездесу барысында қонақтар университеттің кітапхана қорына “Әлем адамы” кітабын тапсырды.
“Дипломмен ауылға”: бюджеттік кредит көлемі 2,5 мың АЕК-ке дейін өседі
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында берілетін бюджеттік кредит көлемі 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылмақ. Бұл туралы Сенаттың «Өңір» депутаттық тобының отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Арқалықта егіс науқанына дайындық барысы пысықталды
Қала әкімі Әмірхан Асановтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат отырысында көктемгі егіс науқанына әзірлік барысы қаралды.
Әулиекөл ауданының диқандары көктемгі егіске сақадай сай
Егін өсіріп, мал баққан ағайын жыл он екі ай бойы дамыл таппайды. Әсіресе, диқандар қауымының жұмысы қауырт. Ала жаздай алқапта жүрсе, қара күзден бастап келесі жылдың қамына кіріседі. Бұл жылдағы дағды. Қолдағы бар техникасын сайлайды, жөндеп-жасқайды. Пар өңдейді. Ылғал жабады. Әйтеуір, қарбалас шақтың қайтарымы мол болатындығына шаруа баққан жанның сенімі зор.
ССКӨБ: қождалған шекемтастар өндірісі өркендей түсті
ERG құрамына кіретін Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің ұжымы өз өнімдерін өткізу нарығын кеңейте түсуде. Өнеркәсіп кешенінің (ӨК) қызметкерлері «Уральская сталь» АҚ әлеуетті сатып алушысының мүддесі үшін қождалған шекемтастарды шығаруға кірісті.
Өңірді өркендетудің бір саласы
Елімізде экономиканың түрлі салаларының дамуына талдау жүргізілетін болады. «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов пен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласын негіз ете отырып, шағын және орта бизнесті дамыту тетіктерін талқылады.
Қостанайда газоблок зауыты ашылды
«RealtyKST» ЖШС қолға алған бұл жұмыс өңіріміздің инвестициялық ахуалына зор серпін берері анық. Облыс орталығының дамуы инвестиция тартуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсуіне ықпал етеді.
Отандық кластер құру мүмкіндігі талқыланды
Қазақстанда автокөлік бөлшектері өндірісін жолға қоюға зор мүмкіндіктер жасалған. Қостанайда өткен семинар-кеңеске қатысушылар осындай ортақ пікірге келді.
Қостанайда Kia автомобильдерін шығаратын жаңа зауыт салынады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Allur компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.