Үкімет адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина сатып алуға және Қазақстанда аталған екпе жұмысын жүргізуге резервтен қаражат бөлді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.
Балалар демалысы кезіндегі қауіпсіздік шаралары қаперде болуы керек
Жаз басталысымен көптеген ата-ана балаларының демалысына лайықты жер іздейді. Әрине, қала сыртындағы лагерьде балаларды сауықтыруға болады. Облыста мұндай 11 лагерь бар.
Қатерлі ісікті емдейтін жаңа препарат шықты
Бұл ісік аурулары үшін аралас фотодинамикалық терапия (ФДТ) және химиотерапияны жүргізуге мүмкіндік берді. Ресейдің Нижний Новгород қаласындағы Лобачевский университетінің (ННМУ) ғалымдары бір препараттың құрамына бірнеше белсенді молекулаларды біріктіре алды. Жаңа препарат ФДТ қолданылатын тері обыры мен басқа да қатерлі ісіктерді емдеуде әсіресе тиімді болуы мүмкін, деп хабалайды ҚазАқпарат, ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. «Фотосенсибилизатор мен […]
Лисаковта ақысыз инватакси іске қосылды
Сәуір айының аяғынан бастап Лисаков қаласында «Инватакси» қызметі жұмыс істей бастады.
Қызмет саласында – қырық жыл. Лисаковтық тәжірибелі мейірбикемен сырлы сұхбат
12 мамыр — Халықаралық мейірбике күні қарсаңында Лисаков қалалық ауруханасының тәжірибелі маманы Айгүл Мұқатовамен тілдесудің сәті түсті.
Лисаков қаласында гемодиалез орталығы ашылды
Орталықта пациенттерге ең жайлы жағдай жасалған.
Қостанайлықтар халықаралық мейірбикелер күнін атап өтті
12 мамыр – адам денсаулығының сақшысы халықаралық мейірбикелер күніне арналған іс-шараға Денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлері, кәсіподақ өкілдері қатысты.
Тегін дәрі неге жоқ?
Қостанай облысында науқастарға тегін берілетін галоперидол екпе дәрісі жоқ. Бұл психикикалық ауытқуы бар адамдарға ауадай қажет. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары әзірге бұл дәріні өзге препаратпен алмастырғаннан басқа амал жоқ дейді. Бұл мәселені жергілікті БАҚ — та көтерген болатын.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Астанадан шалғай ауылдарға аттанды
Дәрігерлер бригадасы бар медициналық пойыз Астанадан 147 шалғай ауыл тұрғындарына тегін амбулаториялық көмек көрсету үшін жолға шықты.
Қостанайда қайырымдылық мақсатымен «Вена балы» ұйымдастырылды
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ әрқашан ілкімді істерімен көзге көрініп жүр. Аталған мектептің Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі филиалына биыл 10 жыл. Нысаналы датаға сәйкес, Жастар сарайында «Вена балы» өтті. Басты мақсат — церебральды сал ауруымен ауыратын Айзере Ерболқызы Төлегенге қолдау көрсету.