Тегін дәрі неге жоқ?

Тегін дәрі неге жоқ?

Қостанай облысында науқастарға тегін берілетін галоперидол екпе дәрісі жоқ. Бұл психикикалық ауытқуы бар адамдарға ауадай қажет. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары әзірге бұл дәріні өзге препаратпен алмастырғаннан басқа амал  жоқ дейді. Бұл мәселені жергілікті БАҚ – та көтерген болатын.

«Дәрілік заттарды сатып алу және жеткізу біріңғай дестрибютор арқылы жүзеге асады. Онымен «СК «Фармация» ЖШС айналысады. Олардың әр облыста қоймалары бар. Сол арқылы дәрімен қамтамасыз етеді. Бірақ нақты осы препарат бойынша өтінім түспеген. Соның салдарынан сатып алынбаған. Енді қайта сатып алу процесі өткізілетін болады. Ал әзірге осындай дәріні өзге облыстардан алып, орнын толтыруға тура келеді. Кейін бізге түскенде оларға қайтарып береміз. Қазір өтінішті бердік. Бірақ олардың ішкі жүйесіне байланысты келер аптада болып қалады деп жоспарлап отырмыз», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Жақыпбаев.

Енді науқастарға басқа баламасын қолдана тұрғаннан басқа шешім жоқ. Мысалы, дәл осы дәрінің майлы формасы бар. Соны қолдануға болады.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу