Құрметті жерлестер! Бүгінгі таңда су тасқынының беті қайтты деп айтуға толық негіз бар. Негізгі су қоймаларында су ағынының төмендеуі байқалады. Жалпы, облыс бойынша жағдай біртіндеп тұрақтанып келеді.
Мәжіліс депутаты Екатерина Сымшляева Қостанайға іссапармен келді
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева жұмыс кестесін Amanat партиясының облыстық филиалы кеңсесінде бастады. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесіп, кейін тұрғындарды қабылдады.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Ораза айт мейрамымен құттықтауы
Құрметті қостанайлықтар! Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және шет мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынының алдын алу жұмыстары жайлы айтып берді
Бүгінгі таңда су тасқынының жоғарғы шегі өтті деп айтуға болады. Негізгі су қоймаларында су жіберудің төмендеуі байқалады.
Президент тасқын судан зардап шеккен облыстардың жағдайын білді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті
Олжас Бектенов: Ең басты міндет – тұрғындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов қазіргі кезде су тасқынына байланысты күрделі жағдай қалыптасып отырған Қостанай облысында жүр.
Президент: “Мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды!” (ВИДЕО)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жариялады. Үндеудің толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз! Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. […]
Су қоймалары, өзендер арнасынан асып, қауіп күшейе түсті (ВИДЕО)
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы шараларды пысықтау мақсатымен облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты міндет – халықты және аумақтарды су тасқынынан қорғау, барлық қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестіру.
Арқалыққа Қазақстан Республикасы Премьер министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев келді
Қазақстан Республиксы Премьер министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Арқалыққа келген жұмыс сапарында ең алдымен қаланың су басқан ауылдарының, су тасқынынан зардап шеккен жолдар мен көпірлердің жай-жапсарымен танысты.