Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынының алдын алу жұмыстары жайлы айтып берді

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынының алдын алу жұмыстары жайлы айтып берді

Бүгінгі таңда су тасқынының жоғарғы шегі өтті деп айтуға болады. Негізгі су қоймаларында су жіберудің төмендеуі байқалады.

Мәселен, Қаратомар су қоймасында су ағызудың тарихи максимумы тіркелді, ол секундына 660 текше метрге азайып, секундына 2 640 текше метрді құрады.

Сондай-ақ Жоғарғы Тобыл және Желқуар су қоймалары бойынша су ағызудың төмендеуі тіркелді. Өзендердегі су деңгейінің төмендеуі жалғасуда.

Тобыл өзенінде орналасқан бекетте тәулік ішінде 56 см-ге төмендеу тіркелді. Әйет өзенінде 63 см төмендеу байқалды. Жалпы, облыс бойынша жағдай біртіндеп тұрақталып келеді.

Қарасу ауданындағы Түнтігір, Құндызды және Қарасу өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуі тәулігіне 17-ден 127 см-ге дейін болды.

Облыстың оңтүстік аудандарындағы Торғай, Дәмді және Қабырға өзендерінде әлі де жоғары деңгей сақталып отыр.

Қалған өзендерде негізінен су деңгейі төмендеді.

Біз су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмысын бастадық.

Біржолғы әлеуметтік төлемдер беріледі, сондай-ақ демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетіледі.

Бүгінгі таңда 587 отбасыға 107,3 млн теңге сомасында төленді.

28 елді мекенде су басуына байланысты электр жарығы жоқ. Қатты тасқынның салдарынан бағандар құлап, істен шықты. Бұл оларды қалпына келтіру жұмыстарын қиындатып отыр, су кеткеннен кейін жұмыс жалғасатын болады.

Су тасқыны кезінде 24 автожолда қозғалыс шектелді, қазір 9 жолдағы қозғалыс қалпына келтірілді. Қалған жұмыстар жалғасуда.

Келтірілген шығынды бағалау бойынша жұмыс жалғасуда. Барлық шығын толық өтелетін болады.

Мен осы қиын-қыстау кезеңінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жатқан жерлестеріме ризашылығымды білдіргім келеді.

Елімізге келген апат облыстың барлық тұрғындарын біріктірді. Бірлік біз үшін бәрінен қымбат! Қазақстан халқының салт-дәстүрінде, мұқтаж жандарға көмектесу, қол ұшын беру әрқашан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырады.

Алғашқы күннен бастап мемлекеттік қызметшілерге, бюджет қызметкерлеріне құтқарушыларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне осы жағдайға бей-жай қарамайтын азаматтар, еріктілер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жеке ұйымдардың қызметкерлері қосылды.

Мен өзім тұрғындардың игі істері мен ақ жарқын көңілдеріне куә болдым.

Сіздер облыс пен ел үшін қиын күндерде, сын сағаттарында өзара қолдау көрсетіп, көмекке келдіңіздер.

Өз жұмыстарыңызды тастап, көппен бірге болдыңыздар. Зардап шеккендерге азық-түлік тасып, түні бойы елдің амандығын ойладыңыздар.

Біз бір сәтте бірігіп, табиғи апаттың алдын алдық. Егер бірлік болмаса, апаттың салдары өте қаупті болар еді.

 

Қымбатты жерлестер!

Апат айтып келмейді. Бірақ Қостанай жұрты нағыз ынтымақ пен татулықтың жарқын үлгісін көрсете білді. Біз бірге болсақ алынбайтын қамал жоқ. Әрқайсыңызға ерекше алғыс білдіремін!

 

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу