Әскери парадты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарады.
МАШИНА ЖАСАУ, МЕТАЛЛУРГИЯ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ – ӨСІМ ЛОКОМОТИВТЕРІ
Қостанай облысының өнеркәсібі дамып келеді. Бүгінгі таңда өңірде 920 кәсіпорын әрекет етеді, онда 42 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2025 жылдың алғашқы үш айында өнім шығару көлемі шамамен 728 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10% артық. Бұл көрсеткіш бойынша Қостанай облысы Қазақстан өңірлері арасында көшбасшылардың алтылығына кіреді.
Рудныйда ел рухын көтерген экспозиция ашылды
Рудный қаласында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған маңызды іс-шара өтті.
Диас пен Заринаны әскери орта табыстырды
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні – бұл тек әскери киім киген азаматтарды ғана емес, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық ерлер мен ер мінезді жандарды ұлықтайтын күн. Бүгін біз осындай абыройлы міндетті қатар атқарып жүрген ерекше жұппен – 6697 әскери бөлімінің жауынгерлері Диас Іргебаев пен Зарина Елтаевамен таныстырғымыз келеді.
Естелік және сабақтастық: Қостанай облысы ПД-да салтанатты іс-шара өтті
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қостанай облысының Полиция департаментінде Ішкі істер органдары ардагерлері, басшылық және жеке құрамның қатысуымен салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді
Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады.
Белсенді жастар қостанайлықтарға «Жеңіс лентасын» үлестірді
Қостанай облысында «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының белсенділері жеңістің 80 жылдығы қарсаңында дәстүрлі «Жеңіс лентасы» акциясын өткізді.
Облыс егіс жұмыстарына әзір ме?
Биыл облыста 5,1 млн гектар жерге дән сіңіріледі. Оның 4,2 млн гектары – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Егіс алқапратының құрылымын әртараптандыру шеңберінде жоғары табысты дақылдардың, оның ішінде майлы дақылдардың үлесін ұлғайту жалғаспақ.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды
Облыс әкімдігінде өткен кеңес алдымен кадрлық тағайындаулардан басталды. Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының лауазымына Дидар Сапарғалиұлы Тлеубаев тағайындалды.
Қазақстан Президенті мен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Президент Қазақстан мен Вьетнамды тереңнен тамыр тартатын достық қарым-қатынас байланыстыратын атап өтті. Сонымен қатар 1959 жылы Қазақстанға Вьетнамның тұңғыш Президенті Хо Ши Миннің келгенін еске салды. Бұл сапар екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын дамытудың берік негізін қалаған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Вьетнам шынайы стратегиялық әріптестік орнатқанын айтты.