5 июня, 2025
Жаңа Салық кодексі жобасына кітап шығаруды ҚҚС-тан босату туралы норма енгізілді
AMANAT, Басты жаңалықтар

Жаңа Салық кодексі жобасына кітап шығаруды ҚҚС-тан босату туралы норма енгізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысты қолдап, «Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек», деп нақты тапсырма берген болатын. Осы орайда, «AMANAT» партиясының бастамасымен Жаңа Салық кодексі жобасына кітап шығаруды ҚҚС-тан босату туралы норма енгізілді.

Толығырақ
Арқалықта әкімдердің халықпен кездесулері басталды
Басты жаңалықтар, Тобыл-Торғай тынысы

Арқалықта әкімдердің халықпен кездесулері басталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен жарты жылда бір рет барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері өтеді. Осыған орай, Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов бекітілген кестеге сәйкес қалаға қарасты Екідің және Әбдіғаппар хан ауылдарында халықпен кездесу өткізіп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Толығырақ
Энергетика министрлігі 2025 жылы газ өндіру 62,8 млрд текше метрге дейін өседі деп болжайды
АЭС, Басты жаңалықтар

Энергетика министрлігі 2025 жылы газ өндіру 62,8 млрд текше метрге дейін өседі деп болжайды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов негізгі көрсеткіштер туралы баяндады.

Толығырақ
Киік саны 6 миллионға жетсе не болады?
Басты жаңалықтар, Мәселе

Киік саны 6 миллионға жетсе не болады?

Елімізде биыл киік саны 6 миллионға жетеді. Экология министрлігі осындай болжам жасап отыр. Соңғы кезде киік санының көбейгені, соған сай оларды ату мәселесі жиі айтыла бастады. Бұл туралы қоғамдық пікір де екіге жарылды. Ырымға сенсек, киік киелі жануар саналады. Дала жануарына мылтық кезенуге заң да тыйым салады.

Толығырақ
Қостанайда сирек кездесетін қандай кітаптар бар?
Басты жаңалықтар, Руханият

Қостанайда сирек кездесетін қандай кітаптар бар?

Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сирек қор бөлімі – өткеннің үнін бүгінмен жалғап отырған рухани-мәдени орталық. Бұл бөлім 1977 жылы құрылған. Қазіргі таңда онда XVII-XIX ғасырларға жататын екі мыңнан астам құнды кітаптар сақтаулы.

Толығырақ
Қазақстандықтардың басым бөлігі кітап оқиды Фото: aikyn.kz
Басты жаңалықтар, Руханият

Қазақстандықтардың басым бөлігі кітап оқиды

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні аталып өтіледі. 2024 жылы Ұлттық құрылтай отырысында жарияланған бұл шешім жеке тұлғаның дамуындағы кітаптың рөліне қоғамның назарын бұруға, сондай-ақ жоғары оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Толығырақ
«Шұғаның белгісі» шығармасының негізінде құрастырылған комикстің тұсауы кесілді
Басты жаңалықтар, Бейімбет Майлин – 130, Қостанай ақпарат

«Шұғаның белгісі» шығармасының негізінде құрастырылған комикстің тұсауы кесілді

Бейімбет Майлиннің мерейтойы қарсаңында жарық көрген жобаның авторлары – Қостанайдағы №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы Эльмира Рақымова мен №17 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі, педагог- зерттеуші, республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының жеңімпазы  Ақбота Ермағанбетова.

Толығырақ
Кәсіподақ орталығы семинар ұйымдастырды
Басты жаңалықтар, Қоғам

Кәсіподақ орталығы семинар ұйымдастырды

Қатысушылар ұжымдық шарттың маңыздылығын, оның қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы әлеуметтік әріптестікті қамтамасыз етудегі рөлін жан-жақты талқылады. Оқытуды өткізуге прокуратура, сот, еңбек инспекциясы және кәсіподақ ұйымдарының тәжірибелі мамандары тартылды.

Толығырақ
Қостанайдағы NIS оқушылары Мемлекет басшысына инновациялық жобаларын таныстырды
Басты жаңалықтар, Қостанай ақпарат

Қостанайдағы NIS оқушылары Мемлекет басшысына инновациялық жобаларын таныстырды

Астана қаласында өткен экологиялық фестиваль аясында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мадияр Хасанов жобасын таныстырды. Ол ұсынған дрон – ағаштар мен бал тозаңды өсімдіктерді автоматты түрде отырғызуға арналған құрылғы.

Толығырақ