Ардақты ағайын! Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы.
Арқалықта «Домбыра айлығы» басталды
Орталық «Демалыс саябағында» қалалық Мәдениет сарайы және Б.Байқадамов атындағы музыка мектебінің ұйымдастыруымен «Өнерге қанат қаққандар» атты мерекелік кеш шымылдығын ашты.
Облыстық мешітте Айт намазы оқылды
Алла үйіне жиналған қауымды мешіттің бас имамы Бектұрсын қажы Уәли қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, парызын жамағатқа түсіндіріп өтті.
Қостанайда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай белсенді топ марапатталды
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күн – адам мен табиғат арасындағы нәзік байланысты еске салатын, әр адамды жауапкершілікке жетелейтін маңызды дата. Осыған орай Қостанай қаласында табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті насихаттауға арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Әуликөл жеріндегі қос жаңа нысан: Құрбан Айт қарсаңындағы тарту
Әулиекөл ауданында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Аманқарағай және Новонежен ауылдарында балабақша мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсімдері өтті.
Қостанайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті рейд өтті
Бұл жолы мобильді топ Дорожников көшесіндегі рұқсат етілмеген қоқыс орнына барды. Топ құрамында полицейлер, экологтар, табиғи ресурстар басқармасының өкілдері және журналистер болды.
Домбыра – ұлт рухының үні
Рудный қаласының орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған ерекше мәдени іс-шара – «Күй шеруі» жобасының аясындағы мерекелік концерт өтті. Бұл бастама – тек өнер мерекесі емес, ұлт рухын, халықтың жады мен мәдени танымын жаңғыртқан тағылымды іс-шараға айналды.
Қостанайда Балалар Кубогы жалғасуда
Қостанай қаласында шахматтан Қазақстан Республикасы Балалар Кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр. Бүгін турнир өз экваторынан асты – бесінші тур өтіп жатыр. Қатысушылар арасындағы бәсеке қыза түсті.
Қостанайлық студенттер Қазақстандағы үздіктер қатарынан табылды
Білім беру-бұл білім алу ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны дамыту, кәсіби және өмірлік құндылықтарды қалыптастыру жолы. Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенттері арасында табысқа ұмтылудың, таңдалған мамандыққа деген сүйіспеншіліктің және белсенді өмірлік ұстанымның жарқын мысалдары бар екенін қуантарлық жайт.
Алтынсарин ауданының 40 жылдығына арналған мерекелік шараға шақырамыз!
Құрметті достар, Алтынсарин ауданы 40 жылдығын атап өтуде, осы ұлы оқиғаға орай ұйымдастырылатын мерекелік шараға баршаңызды шақырамыз!