Қостанайдағы NIS-тің «HardChord» вокал-аспапты ансамблі «Dubai Music Festival» халықаралық байқауында II орынға ие болды.
“Қостанай таңы” ұйымдастырған бейнебайқаудың үздіктері марапатталды
“Қостанай таңы” газетінің ұжымы тағы бір тамаша жобаны қорытындылады. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында “Армысың, әз-Наурыз!” ұжымдық бейнебайқау жарияланған болатын. Бүгін жүлдегерлері анықталып, редакцияда марапаттау рәсімі өтті.
Тасқынға тосқауыл: сәуір айында қауіп күшеюі ықтимал
Су басу қаупі бар елді мекендердің тұрғындары уақытша қоныс аударуы тиіс. Облыс әкімдігінде өткен аппарат жиында облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудан және қала басшыларына осындай тапсырма берді.
Қостанай іргесіндегі ауылда әлі ауыз су жоқ
“Ауыз су – тіршілік көзі” деп бекер айтылмаса керек. Сусыз адамның күні жоқ. Бүгінде түрлі мемлекеттік бағдарлама арқылы біраз шаруа оң шешілгенімен, түйткілді мәселелер әлі де бар. Мәселен, Қостанай ауданына қарасты Озерное ауылының тұрғындары әлі күнге дейін сусыз отырғандарына налиды. Амалдары таусылған жергілікті тұрғындар біздің редакциямызға шағымданды.
Қостанайдағы жаңа ауруханада екі ай ішінде 326 шұғыл ота жасалған
Қостанайда ковидке шалдыққандарға арналып салынған орталықтың уақытша балалар ауруханасына айналғанына да екі ай болды. Осы екі айдың ішінде бірде бір бала өлімі тіркелмеген.
Ауданы кеңейіп, қызмет сапасы жақсарады
Әуе тасымалымен қатынайтын жолаушылардың қону қызметінің сапасын жақсарту кезек күттірмейтін мәселе. Өңіріміздегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы халықаралық аэровокзалды кеңейтуге жаңа жоба қолға алынған болатын. Әсіресе, ұшып келу залының аумағын үлкейтіп, жаңадан телескопиялық трап салу көзделген. Яғни, жолаушылар бұдан былай терминал ғимаратынан сыртқа шықпай-ақ, жабық өткелмен ұшаққа бір-ақ кіреді.
Қостанайда халықаралық дирижерлер форумы өтеді
Жыл сайынғы үрдіске айналған, осымен алтыншы рет өткелі отырған форумға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Алтай аймағы елдерінің музыканттары қатысады. Олар өзара тәжірибе алмасып, Тобыл төрін әуен-сазға бөлемек.
Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы алатындардың зейнетақы жарналары субсидияланады
«Ашық үкімет» порталы бір жарым жасқа толғанша бала күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тазалық жұмыстары басталады
Көктем келісімен қалада санитарлық-тазалық жұмыстары басталады. Жыл сайынғы үрдіс биыл да жалғасын таппақ. Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Данияр Сәбитовтың айтуынша, биылғы тазалық жұмыстарын 1-сәуірден бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы дүйсенбілік аппарат кеңесінде айтылды.
ТЕАТР КҮНІ: “Темірқазық-2023” лауреаттары анықталды
Бүгін І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында Халықаралық Театр күніне арналған іс-шара өтті. Мерекелік кеш аясында дәстүрлі “Темірқазық” сыйлығының биылғы лауреаттары марапатталды.