Қостанайдағы жаңа ауруханада екі ай ішінде 326 шұғыл ота жасалған

Қостанайдағы жаңа ауруханада екі ай ішінде 326 шұғыл ота жасалған

Қостанайда ковидке шалдыққандарға арналып салынған орталықтың уақытша балалар ауруханасына айналғанына да екі ай болды. Осы екі айдың ішінде бірде бір бала өлімі тіркелмеген.

–Балалар ауруханасын көшіру оңай емес. Кішткентай сәбилер көтере алмауы мүмкін. Былтыр көшу барысында екі айда жеті бала өлімі тіркелген еді. Бұл жолы жаңа орынға көшуіміз сәтті болды. Ешқандай бала шетінемеді. Аурухананың бір қабатты болуы да өте ыңғайлы. Небір жағдай болып жатады. Шұғыл ота жасағанда әр минут маңызды. Осы ғимаратқа келген екі айдың ішінде 326 шұғыл ота жасаған екенбіз. Бәрі де сәтті өтті. Жоспарлы отаның да саны артты. Былтыр 109 ота жасалса, биыл 135-ке жеткен, – дейді балалар дәрігері Игорь Белобржицкий.

Дәрігерлер балаға абай болуы керегін ескертеді. Жақында Рудный қаласынан жаңа туған сәби жеткізілген. Баланың туабітті өңешінің бір бөлігі жоқ. Дәрігерлер тез арада ота жасап, өмірін сақтап қалған. Қазір баланың жағдайы жақсы. Тағы бір баланың үстіне ауыр салмақты адам құлап, талағы езіліп кеткен. Оған да дәрігерлер тез арада көмек беріп, аман алып қалды.

Жаңалықтармен бөлісу