7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай облыстық Қоғамдық даму басқармасы облыстағы жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, «Батырларға тағзым» акциясын жоспарлаған болатын. Акция негізінде қаладағы ел қорғаған атақты батырлардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
“Арқалық барысы” анықталды
Арқалық аймағын дүбірге бөлеп, жыл сайын елдің қызығушылығын тудырып жоғары деңгейде өткізілетін дәстүрлі ұлттық «Арқалық барысы» қалалық турнирі биыл да өз жалғасын тапты. Айтулы шара қалалық «Жігер» стадионында ашық аспан аясында киіз үй тігіліп, боз кілем жайылып, үлкен дайындықпен аталып өтілді.
Қашар кентінің басшысы — елдегі үздік ауыл әкімі
Қашар кентінің әкімі республикалық байқауда топ жарды.
Ерлікке тағзым — ұлт парызы
Аманкелді ауданында бүгін, 6-шы мамыр күні аудан орталығындағы “Шұғыла” БЖШО-да Тәжік-ауған соғысының ардагерлерімен кездесу және ерлікпен қаза болған ержүрек жауынгерлерді еске алу жиыны өтті.
ДДҰ пандемияның аяқталғанын ресми жариялады
ДДҰ басшысы Тедрос Адан Гебрейесус әлемдегі COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимінің аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді.
“Ерлікке тағзым”: байқауға эссе қабылдау аяқталды
“Қостанай таңы” газетінің төл жобасы — “Ерлікке тағзым” эссе байқауына материал қабылдау бүгіннен бастап тоқтатылды. Енді осы уақытқа дейін келіп түскен эсселерді арнайы комиссия саралап жеңімпаз шығармаларды анықтайды. Байқау қорытындысы туралы ақпарат кейінірек жария етілетін болады.
Ардагерлерді құттықтау басталды
Қостанайда қалалық “Мирас” мәдениет үйі екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлерге арнап көшпелі концерт ұйымдастырды. Ардагерлерді құттықтау бүгін, 5 мамыр күні басталды. Қостанай қаласында 26 соғыс ардагері тұрады. Олардың алды жүзге жақындаған. Қарт майдангерлерге құрмет көрсетіп, оларды ардақтау әрбір саналы ұрпаққа парыз. Мәдениет үйінің қызметкерлері ардагелердің ауласында концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлап жүр. Қостанай қаласында ең […]
“Ауыл аманаты” бағдарламасы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?
“Ауыл аманаты” бағдарламасының мақсаты қандай? Бағдарлама қалай жүзеге асырылады? Шарты оңайлатылған несие кімдерге тиесілі? Осы сұрақтар төңірегінде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Төлеутай Ержановпен сұхбаттасқанды жөн көрдік.
Елімізде электр энергиясы қымбаттайды
1 маусымнан бастап электр энергиясы тарифері қымбаттайды. Энергетика министрлігінің өкілдері ұсынған ақпаратқа сәйкес, мамыр айында энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтерін қайта қарау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қостанайда “Шығармашылық шуағы” көрмесі ашылды
Қаламыздағы суретшілердің кәсіби ұйымының қалыптасуының басында тұрғандардың бірі де бірегейі мүсінші Белоусовтар.