Ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі 16 қыркүйекке белгіленіп отыр. Сауда-саттық іс-шарасында азық-түлік бағасы нарықтағы құннан 15-30 пайыз арзан болады.
Қазақстан пойыздары суперинтернетпен қамтылады
Пойызбен сапарлау – қазақстандықтар үшін байланыссыз қалу деген сөз. Өйткені жолдардың көп бөлігінде ұялы байланыс антеналары сөніп, 4G арманға айналады. Енді”Қазақстан темір жолы” интернет мәселесімен айналыспақ, – деп хабарлайды Tengritravel.kz.
Ауданның әлеуеті артып, келбеті көркейеді
Науырзым ауданының автожол саласына биыл 379 млн теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 45% артық. Ауданның облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту үшін осы жылы “Қараменді- Раздольное-Аралкөл” автомобиль жолының учаскесіне ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жайлы облыс әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданының тұрғындарымен кездесу жиынында айтты.
Тұлға рухына тағзым етті
Бүгін Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыған орай бір топ зиялы қауым, Ахаң атындағы университет оқытушылары мен студенттері тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тазғым етті.
НҰРЛАН ИМАМ ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен теолог, дінтанушы, ұстаз Нұрлан қажы Байжігітұлы Асанов Қостанайлық жастармен кездесті.
«Өз жем-шөбіміз» қандай бағдарлама?
Халықты сапалы мал өнімдерімен қамтамасыз етудің маңызы өте зор. Малдың қоңды болуы жем-шөпке байланысты. Саланы дамыту мақсатында республикалық бюджеттен 20 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бюджеттік инвестиция фермерлердің шөп шабуға қажетті техникаларды жеңілдетілген шарттармен сатып алуға негізделген. «ҚазАгроҚаржы» АҚ осы жылдың 26 маусымынан бастап «Өз жем-шөбіміз» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдай бастады.
Науырзым ауданында – жаңа басшы
ҚР Конституциясы 87-бабының 4-тармағына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Мәди Өмірзақұлы Ихтиляпов Науырзым ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.
ERG Run Fest жүгіріс фестивалін рудныйлықтар бастап берді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Рудныйда жыл сайынғы дәстүрмен ERG Run Fest жүгіріс фестивалі өтті. Төрт түрлі қашықтыққа белгіленген марафонға мыңнан астам тұрғын қатысты. Оның үстіне, ERG компаниясына қарасты қалалар ішінде көңілді мәрені рудныйлықтар бірінші болып бастап беріп отыр.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қандай мақсат-міндеттері болады?
Жаңадан құрылатын Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызмет бағыты мен ережелерін бекітуді көздейтін Үкімет қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рудныйлық экологтар велошеру өткізді
Ізгілікке үндеген шарапатты іс-шара. Рудныйлық белсенділер жерлестері үшін велошеру өткізді. Мақсат – қала тұрғындары мен жастар арасында белсенді өмір салтын, қоршаған ортаға деген қамқорлықты насихаттау.