ҚР Конституциясы 87-бабының 4-тармағына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Мәди Өмірзақұлы Ихтиляпов Науырзым ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.М. Ө. Ихтиляпов 1978 жылы Қостанай облысы Науырзым ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ауыл шаруашылығы саласында зор тәжірибесі бар.
– Еңбек жолын 1999 жылдың тамыз айында Науырзым ауданы Шолақсай орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып бастаған;
– 2001-2012 жылдары Науырзым ауданының “Ардагер-1” ЖШС атқарушы директоры, “Шолақсай-1” ЖШС директорының орынбасары, “Ардагер-1” ЖШС директоры қызметтерін атқарған;
– 2013 жылдың қаңтар айынан-“Шолақсай-1” ЖШС директоры;
– 2020 жылдың ақпан айынан бастап “Түбек” ЖШС құрылтайшысы және директоры;
– Науырзым аудандық мәслихатының үш шақырылым депутаты, Қостанай облыстық мәслихатының жетінші және сегізінші шақырылым депутаты, өңірдің бюджеті және экономикасын дамыту жөніндегі комиссияның мүшесі.