Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен теолог, дінтанушы, ұстаз Нұрлан қажы Байжігітұлы Асанов Қостанайлық жастармен кездесті.
Шара барысында Нұрлан Байжігітұлы ұлттық руханият, салт-дәстүр, жастардың үлкенді, ата-ананы құрметтеу сынды бағыттардағы тақырыптар аясында әңгіме өрбітіп, еркін форматта сұхбаттасты.

Сондай-ақ, Нұрлан қажы жастарды толғандырған, маңызды әлеуметтік тақырыптар айналасындағы сұрақтарына жауап берді.

Кездесуге көрермен ретінде келген жастардың қарасы қалың болды.

Кездесу соңында «Харекет» республикалық қорының 944-ші баспанасы Ахметжанова Айгүл ханымның отбасына табысталды.

Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Б. АХМЕТБЕКОВ.
