Қостанайдың «Тобылы» футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалында «Атырау» командасын қабылдады.
Аманкелді ауданында тасқын судан зардап шеккендерге 41 үй сатып алынады
Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов Аманкелді ауданына барып, тасқын судан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты. Сала басшылары мен мердігер компания басшыларына сапаға мән беруді және мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Бизнесіңізді қолдау үшін 5 миллион теңге жеңіп алыңыз
Assyltas қоғамдық қоры «ASSYLTAS BUSINESS HELP» жобасына өтінімдерді қабылдау мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартады.
Федоровта үздік оқушылар дәріптелді
Федоров ауданындағы Ы. Алтынсарин мектебінің жеткен жетістігі көл-көсір. Аудандық, облыстық сайыстарда топ жарып жүр. Таяуда аталған мектепте жоғары деңгейде көрініп жүрген оқушыларды дәріптеуге арналған іс-шара өтті.
Федоровтық кәсіпкер әйелдердің өнімі де, көңілі де таза
Ауылдағы кәсіпкер әйелдің қаладағылармен салыстырғанда істейтін жұмысы екі есе. Бала-шаға күтімі, үйдегі, сырттағы шаруалар, бау-бақшасы тағы бар. Бірақ сөйтіп жүріп, барлығына үлгереді. Олардың тұлға ретінде өзін дамытуға, көрсетуге мүмкіндік жасалуы керек. Соны ескерген «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесі Федоров ауданында облыстық деңгейде бизнес-форум өткізді.
Күзетшілер қауқарсыз, лагерь жоқтың қасы. Сала басшылары мәселені шешуге неге асықпайды?
Қалалық білім бөлімінің меншігінде балалар демалатын бірде-бір лагерь жоқ. Мүдделі мекеме облыстық білім басқармасына бір лагерьді қалаға бекіту жөнінде өтініш жолдаған.
Құқықтық тегін кеңес беріледі
Ертең «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді. Осы акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін кеңес алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.
Қостанайда жұлдызды жұп өнер көрсетті
Кешқұрым «Мирас» мәдениет үйіне ағайынның қарасы көп жиналады. Әдеттегідей бұл жағдай алыстан ат терлетіп, танымал өнерпаздар келгенде қайталанатын. Ал бұл жолы олай емес. Концерт қоятын Тобыл-Торғай топырағынан шыққан қарапайым қазақың қарадомалақ балалары.
Өнерлі оқушылар Дубайға жолдама ұтып алды
Арқалық аспанын «Бабалар аманты» атты V республикалық байқау дүбірге бөледі. Байқау сан салалы өнердің «аспапта орындау», «эстрадалық вокал», «дәстүрлі ән», «театр әлемі», «көркемсөз», «хореография», «бейнелеу өнері», «қол өнері» тәрізді сегіз түрін сарапқа салды.
Респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді
Енді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзім ішінде есеп уақтылы тапсырылмаса, профилактикалық бақылаусыз-ақ, респонденттер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке бірден тартылатын болады.