Респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді

Респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді

Енді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзім ішінде есеп уақтылы тапсырылмаса, профилактикалық бақылаусыз-ақ, респонденттер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке бірден тартылатын болады.

Бастапқы статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда, респонденттерге статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Түзетулер енгізу статистикалық нысанды қайта ұсыну немесе деректердің дұрыстығын растау бойынша қосымша ақпарат беру арқылы бір жұмыс күні ішінде (бұған дейін екі күн берілген) жасалуы тиіс. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрыс ұсынғанын көрсететін дәлел жеткілікті болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалады.

«Бұл шаралар бастапқы статистикалық деректердің дәлдігі мен дұрыстығын қамтамасыз етуге бағытталған, бұл – мемлекеттік статистиканың тиімді жұмыс істеуінің маңызды аспектісінің бірі», – дейді Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.

2024 жылғы 6 сәуірдегі «Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңыаясында «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 12-2-бабына өзгерістер енгізілді. Ұлттық статистика бюросы барлық респондентті статистикалық есептерді белгіленген мерзім ішінде тапсыруға және себеп-салдарын алдын алу үшін сенімді деректерді ұсынуға шақырады. Аталған өзгерістер БАҚ беттерінде жарияланған күннен 60 күн өткен соң (2024 жылғы 8 маусымнан бастап) күшіне енеді.

 

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу