Наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, “Қазақстан халқына” Қоғамдық қоры Қазақстанның барлық өңірінде “Жаздық жолдама 2024” – қайырымдылық жобасын бастады.
Қастерлі айда құтты қоныс тарту етілді
15 наурыз – Қайырымдылық күні. «Наурызнама» онкүндігінің осы атаулы датасы аясында түрлі жоба жүзеге асып жатыр.
Наурыз думан басталды
Биыл наурыз мерекесін қостанайлықтар ерекше көңіл күймен бастап кетті. Облыс орталығындағы “Жастар сарайында” мәдениет мекемелері «Көрісу күні – Амал мерекесіне» орай халқымыздың салт-дәстүрін театрландырылған көріністермен тағы бір айшықтап берді.
Президент қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күніне орай ел тұрғындарына құттықтау жолдады.
“НАУРЫЗНАМА” ОНКҮНДІГІ – ҰЛТ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАТУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлатудың жана тұжырымдамасы бекітілді. Биылдан бастап Ұлыстың ұлы күні қарсаңында онкүндік бастау алып отыр. 14-23 наурыз аралығында әр күнге атау беріліп, соған орай алуан түрлі іс-шаралар өтеді. Бұл жөнінде облыс және қала әкімдіктерінің өкілдері баспасөз мәслихатында жан-жақты ақпарат берді.
14 наурыз – “Көрісу күні – Амал мерекесі”
Осы күнді ерек көретін мүсінші, ұста Мұханбетқали Рахалиев ақын, жазушы, шебер, ағасы Серікбай Оспанұлына арнайы барып, көне дәстүрдің тәрбилелік үлгісін көрсетті.
Барлық мектептерде ұлттық күй бір мезетте ойнайды
Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж 20 наурыз күні сағат 12:00-де өтеді.
Эссе байқауының жүлдегерлері анықталды
«Қостанай таңы» газеті Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырған облыстық «Мың алғыс саған, анашым» эссе байқауы қорытындыланды. Оқушылар мен студенттер арасындағы шығармашылық сынында үміткерлердің үздіктері анықталып, демеушілеріміз тағайындаған сый-сияпатқа ие болды.
Мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктер Үкіметке беріледі
Депутаттар жалпы отырыста әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
«Даму» Қоры әзірбайжандық серіктестерімен ынтымақтастықты нығайтуда
2024 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы мемлекет басшылары кездесуі кезінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Әзірбайжанның «Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі» (KOBIA) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.