Мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктер Үкіметке беріледі

Мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктер Үкіметке беріледі

Депутаттар жалпы отырыста әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасында жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Азаматтық-процестік кодекстен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске ауыстыру көзделген. Мемлекеттік органдар арасындағы, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы заңнамалық нормаларды түсіндіру жөніндегі дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктер Үкіметке бекітіп беріледі.

Сондай-ақ «әкімшілік акт» ұғымына жаңа анықтама беріледі. Нақты бір жағдайда (жол белгілері, санитариялық дәрігерлердің қаулылары) айқындалатын көпшілік кеңінен қамтылған адамдар топтарына арналған актілерді әкімшілік актілер қатарына қосу арқылы осы ұғымның мазмұнын кеңейту ұсынылады.

Жаңалықтармен бөлісу