Мәжіліс «Пошта туралы» заңға пошта байланысы нарығын дамытуға бағытталған парламенттік түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Екінші оқылымда депутаттар ауылдық пошта бөлімшелерін сақтап қалу шараларын ұсынды.
Қала әкімі тұрғындарды қабылдады
Қала әкімі Марат Жүндібаев «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы қабырғасында тұрғындарды қабылдады. Шаһар басшысы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, шешу жолдарын талқылады. Кейбір мәселелердің шешімі бойынша нақты тапсырмалар берді.
Әулиекөл ауданының үздік спортшылары марапатталды
Жеңімпаздар форумында марапатталғандардың қатарында Қарабалық ауданында өткен Қостанай облысының XXXVII спартакиадасының жеңімпаздары бар.
Жаңа аудан әкімдері тағайындалды
Облыс әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы өкімімен және Сарыкөл ауданы мәслихатының келісімімен Сарыкөл ауданының әкімі болып Марат Лесбекұлы Шымырбеков тағайындалды.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстен шамадан тыс реттеу алынып тасталады
Мәжіліс Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Лисаков қаласында өткен қайырымдылық аукционында 2 млн 160 мың теңге жиналды
Бәссауда қалалық көшбасшы әйелдер клубының бастамасымен өткізілді. Бұл іс-шара осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқанын айта кету керек.
Қостанайда Президент шыршасы өтті
Бүгін Қазақстанның мыңдаған баласы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ұйымдастырылған бас шыршаға шақырылды. Жаңа жылдық мерекеге оқу озаттары мен түрлі шығармашылық сайыстар мен спортта жетістігі бар 200 бала шақырту алды.
2025 жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қанша төлейміз?
Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
Ахаң мен Жақаң ауылдарының жолдары жөнделеді
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов журналистрмен болған баспасөз мәслихатында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ауылына апаратын жолдардың қашан жөнделетінін сұраған журналистерге де нақты жауап қатты.
Бакуде қазақ жастарының ұйымы құрылды
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде Бакуда тұратын Қазақстан азаматтары мен қазақ студенттерінің басқосуы өткен болатын. Іс-шара аясында Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындарында оқитын студенттер «Орда» қазақ жастарының ұйымын құрды. Ұйымның мақсаты Әзербайжандағы қазақ студенттерін біріктіру және қолдау, мәдени байланыстарды нығайту мен түрлі іс-шаралар өткізу болмақ.