Қаланың ТКШ бөлімі бүгіннен бастап ертеңге дейін жөндеу жұмыстарына Баймағамбетов — Толстой көшелерінің қиылысындағы жол уақытша жабылғаны туралы хабарлайды.
Қамыстыда «Жайылма» халық театры құрылды
Қамысты аудандық мәдениет үйінің жанынан «Жайылма» халық театры құрылды. Өнер ұжымы аудан әкімдігінің қолдауымен жасақталып, алғашқы қойылымға дайындық жүргізуде.
Аламанда ат оздырды
Сүйінші хабар! Көкшетауда өткен «Бала ақын – жас дарын» атты аймақтық оқушылар айтысында арқалықтық жас ақын Нұрислам Рағат бас жүлдені жеңіп алды.
Арқалықта волейболдан еске алу жарысы өтті
Арқалықта 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагері Марат Батырханұлы Балдиковті еске алуға арналған волейболдан ерлер командалары арасындағы қалалық турнир жалауын көтерді.
Жерлестеріміз қола жүлдегер: тартысты бәсеке алда
Бүгін шаңғы жарысынан IX Азия ойындарының қола жүлдегерлері Наиль Башмаков пен Владислав Ковалев елге оралды. Оларды қостанайлықтар құшақ жая әуежайдан күтіп алды.
Болашақ заңгерлер мен орган өкілдері тәжірибе алмасты
Бүгін облыстық Әділет департаменті Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп, оқу орындарында заңгерлік мамандықта оқитын студенттермен ойын түріндегі сот процесін өткізді.
Рудный тау-кен технология колледжінде жаңа мамандықтар ашылады
ERG компаниясы колледждермен қарым-қатынас деңгейін арттыру үшін жаңа қадамдарға барды. Кәсіптік білім беру мекемелері арасында мамандық сайыстары өткізіліп жатыр.
Вице-министр: «Жаңа салық реформасы қос тарапты мәселенің ымыралы шешіміне айналуға тиіс»
Қостанайға Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жұмыс сапарымен келіп, бизнес өкілдерімен салық реформасы, соның ішінде ҚҚС мөлшерлемесін көтеру мәселесі жөнінде кездесу өткізді.
Картоп бағасын негізсіз қымбаттатқан
Қостанайдағы супермаркеттердің бірінде жуылған картоп 421 теңгеден сатылған. Бұл жағдай сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өңірде картоп бағасына мониторинг жүргізгенде анықталды.
Қостанайда Король Седжон атындағы корей тілі және мәдениет институтының алғашқы түлектері сертификат алды
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде Король Седжон атындағы корей тілі және мәдениет институтының алғашқы түлектеріне сертификат табысталды. 2024 жылдың қыркүйек айында басталған арнайы курсқа қатысқан студенттер корей тілін меңгеріп, бірінші деңгейлік оқуды сәтті аяқтады.