Рудный тау-кен технология колледжінде жаңа мамандықтар ашылады

Рудный тау-кен технология колледжінде жаңа мамандықтар ашылады

ERG компаниясы колледждермен қарым-қатынас деңгейін арттыру үшін жаңа қадамдарға барды. Кәсіптік білім беру мекемелері арасында мамандық сайыстары өткізіліп жатыр.

Сондай үздік оқу орындарының бірі – Рудный тау-кен технология колледжі.
Колледж бүгінде оқушыларына кәсіпорын атынан стипендия төлеуді қолға алды.


Биыл оқу орына 60 млн теңгеден аса қаражат бөлінді. Бұл қаржыға ғимаратты жөндеу жұмыстары жүргізілді. Заманауи үлгідегі пайдалы қазбаларды байытушы мамандығы бойынша жаңа кабинет ашылды.

 Оқушылар жаңа кабинетте VR көзілдіріктерін пайдалана отырып, өндіріс орындарында атқарылатын жұмыстарды көре алады.


ERG компаниясы алдағы уақытта Рудный тау-кен -технология колледжінде жаңа мамандықтар ашуды жоспарлап отыр.

Ол үшін қажетті құрал-жабдықтар компания есебінен сатып алынады. Колледждің халықаралық аккредитациядан өтуі үшін компания тарапынан толықтай көмек көрсетілетін болады.

Рудный қаласы

Жаңалықтармен бөлісу