Қазір өңірде ересектерге арналған 20 тіл үйрету орталығы жұмыс істейді. Ол орталықтарда тілдерді үйренуге барлық жағдай жасалған. Заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған.
ЭПИЗООТИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Облыс аумағындағы эпизоотиялық жағдай тұрақты. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық вакцинация және диагностикалық зерттеулер жоспарға сәйкес орындалған. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте облыстық ветериария басқармасының басшысы Ахат Шектібаев айтып берді.
«Күміс жас» жобасы несімен тиімді?
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарының әртүрлі нысандары көзделген. Соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындары, жастарға арналған «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары кіреді. Жастар практикасы жобасының да өз жемісін беріп отырғанын білеміз.
Арқалықта жылыту маусымы ерте басталады
Жылыту маусымының басталуына азғантай уақыт қалды. Жылу қазандықтары мен құбырлардың қазіргі жағдайы қалай? Жауапты ұйымдар тозығы жеткен құрылғыларды ауыстырып үлгерді ме? Көптің көкейіндегі осындай сұрақтарға өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қостанай облыстық энергетика және тұрғын үй—коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ғапбасов жауап берді.
Қаржылық бақылаудың салғырттығынан бюджетке шығын келген
Өңіріміздегі аудиторлық көрсеткіштер көңіл көншітпей отыр. Әсіресе, мемлекеттік тапсырыстарды қабылдау барысында тәртіп бұзушылық жиілеп барады. Салдарынан бюджетке әжептеуір шығын келуде.
Қарасу ауданы кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жобаларға серпін беруде
Қарасу ауданының өнеркәсіп және инвестиция саласында өсім бар. Соңғы алты айдың көрсеткішіне сүйенсек, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 421,7 млн теңгеге жеткен. Ал, бөлшек сауда 1 млрд 631 млн теңгеден асады. Ауданда соңғы кезеңде ішкі сауда саласында тұрақтылық байқалады.
Салық төлеудің мерзімі аяқталуға жақын
Жыл бойғы мүлік салығына белгіленген мерзім күн санап жақындап келеді. Алдағы қазан айына дейін берешегі бар тұрғындар қарызынан құтылғандары жөн.
МИБ: тұрғындарды қандай мәселе мазалайды?
Қостанайда 180 мүлік иелерінің бірлестігі мен 64 қарапайым серіктестік құрылған. Мұндай статистиканы өңірлік коммуникациялар алаңындағы брифингте Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мамандары келтірді. Олардың айтуынша, басқарудың жаңа нысаны үйлердің жалпы санының 12,5%-на тең.
Милич Чурчич: Алаңда жанкүйер үшін футбол көрсетеміз
Ертең Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында футболдан УЕФА-ның конференция лига ойындары аясында Швейцарияның «Базель» командасына қарсы жауапты кездесуін өткізеді.
Лисаков қаласында жаңа диализ орталығы салынады
Биыл Лисаков қаласының әлеуеті арта түсті. Инвестиция тарту жұмыстары да оң жолға түскен. Бұл туралы қала әкімі Абай Ыбыраев өңірлік коммуникация орталығында журналистермен болған брифингте айтып берді.
