Қостанай облысы 2026 жылға дейін сапалы 4G интернетпен қамтамасыз етіледі

Қостанай облысы 2026 жылға дейін сапалы 4G интернетпен қамтамасыз етіледі

Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов елордадағы орталық коммуникация алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.

“Осы жылдың тамыз айында «Қазақтелеком» АҚ-мен облыс орталығында 5G интернетін, Beeline компаниясымен ауылдарды 4G стандартының сапалы мобильді интернетімен қамтамасыз ету үшін мобильді байланысты дамыту туралы меморандумдарға қол қойылды. Бүгінгі таңда 492 ауылдық елді мекеннің 331-інде сапалы байланыс  бар. Байланыс операторымен бірлескен жұмыс нәтижесінде 4G стандартының мобильді интернет деңгейі 2026 жылдың соңына қарай 100%-ға жететін болады”, – деді өңір басшысы.

Жаңалықтармен бөлісу