Облыста білім беру мекемелерінің талапқа сай жұмыс жүргізуі дұрыс жолға қойылмай келеді. Оны профилактикалық бақылау шаралары мен мерзімнен тыс жүргізілетін тексеріс мониторингі растап отыр. Бұл туралы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Айнагүл Сұрағанова өңірлік коммуникация алаңындағы баспасөз мәслихатында айтып берді.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар басталды
1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күнін мерекелеу аясында 26 ақпан мен 25 наурыз аралығында облыстық ТЖД бөлімшелері оқушылар мен студенттерге, түрлі ұйымдардың қызметкерлеріне сабақтар, кездесулер, бөлімшелердегі Ашық есік күндерін, жаттығу жарыстары мен көрмелер өткізуді қолға алды. Бұл туралы өңірлік коммуникация алаңындағы баспасөз мәслихатында айтылды.
Жалпыға бірдей декларациялау мәселесі қарастырылды
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Оның негізгі міндетіне әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру, жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету жатады.
«Zhas project» жобасына қалай қатысуға болады?
Өңір жастарына өз идеяларын жүзеге асыруға гранттық қолдау көрсетіледі. Биыл «Zhas project» жобасы аясында облысымызда әлеуметтік пайдалы бизнес жобаларына бір миллион теңгенің 14 гранты бөлінеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында «Қазақстанның Экологиялық Қоры»ҚҚ жобасының үйлестірушісі Наурызбек Бірмағамбетов айтып берді.
Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты ма?
Өңірімізде эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақтанып келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде айтылды.
Тәртіп бұзғандар саны 13 мыңға жетті
Биыл жолда тәртіп бұзу оқиғасының дені республикалық жол бойында тіркеліп жатыр. Бұлардың қатарында мас күйінде немесе куәліксіз көлік басқару фактілері полиция қызметкерлерінің назарына іліккен.
Өңірімізде елуге жуық бизнес компаниясы бар екенін білесіз бе?
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте белгілі болды. Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ринат Дәулетбаевтың айтуынша, кәсіпкерлер палатасы өткен жылдармен салыстырғанда жұмыс тиімділігін екі есеге арттырды.
Еліміздің барлық өңірлерінде кадрлық резервтерге іріктеу басталады
Бұл туралы өңірлік коммуникация алаңындағы баспасөз мәслихатында түсіндірілді.
Оқыңыз және жеңіңіз
Кітап оқуды қалай жетілдіреміз? Осы сұрақтың шешімі ретінде облыстық мәдениет басқармасы тың жобаны қолға алмақ. Ол 1 ақпанда бастау алады. Алғаш рет «#ОқыЖәнеЖең» онлайн байқауы басталады. Тың бастама жөнінде мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов, орынбасары Жанат Сексенбаев және Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Дариха Дюсебаева толығымен айтып берді.
Алаяқтықтың жаңа түрі: сақтанудың қандай жолдары бар?
Облыстық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы тұрғындарға алаяқтық әрекеттердің алдын алу жөнінде жадынама таратып жатыр. Онда интернет желісі ақпарат алмасудың аса ірі құралы бола отырып, қылмыстың өсуіне де ықпал ететіні көрсетілген. Өңірлік коммуникация алаңында басқарманың бөлім бастығы Олжас Мағырапов осы интернеттегі сауда-саттық кезінде сатып алушының алаяқтық белгілері туралы айтты.
