Ананың ақ тілегін өтеу парыз…
Байқаулар, Мың алғыс саған

Ананың ақ тілегін өтеу парыз…

Менің анам Жанар Серғалиқызы – ұлағатты ұстаз, тәлімді тәлімгер, ардақты ана, талантты жан, өнер иесі. Домбыра, гитара аспаптарында ойнайды. Сахнада эстрадалық ән айтады. Дауысы керемет! Ел көңілінен шығып, жүлделі орындардың иегері атанып жүр.

Толығырақ
БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!
Байқаулар

БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай «Қостанай таңы» газеті «Шебердің қолы ортақ» атты облыстық байқау жариялайды. Он саусағынан өнер тамған қолөнер шебері болсаңыз, біздің байқаудың жеңімпазы атанып, бағалы сыйлықтар иеленуге мүмкіндігіңіз бар!

Толығырақ
Анамдай адам болмайды…
Байқаулар, Мың алғыс саған

Анамдай адам болмайды…

Әлемдегі  ең сұлу, көрікті  жан-жағына нұры мен шуағын  тарататын – менің анам. Анам біздің өмірге келуімізге себепші болған аяулы ұстаз ана. Бізді тоғыз ай құрсағында көтеріп дүниеге әкелді, үйдегі әпкем, қарындасымды ештеңеге мұқтаж қылмай  өсіріп жеткізіп келеді. Сәби кезімізде бізді  құшағына қысып, ақ сүтін беріп, өсірген жан иесі  – анам.

Толығырақ
Қастерлеу сені – парызым!
Байқаулар, Мың алғыс саған

Қастерлеу сені – парызым!

Ана — әлемдегі ең ардақты да, аяулы жан. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан нәрестесінен барын да, нарын да аямайтын ананың адам өміріндегі орны ерекше. Гүлдің жайқалып өсуі үшін су мен ауа қаншалықты қажет болса, баланың дұрыс жетілуі үшін де ата-ананың қажеттігі басым.Мен бұл эссемді анам Мансура Орынбаеваның құрметіне арнаймын.

Толығырақ
Анашым – менің ардағым!
Байқаулар, Мың алғыс саған, нашым!

Анашым – менің ардағым!

Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп – нәзік, мейірімді жан ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, шырылдасаң уатып, әлпештеп, жырын айтып, тісің шыққанша аузыңа тамақ салып, киіміңді тазалап, дәмді ас ішкізіп мәпелейді, еркелетеді, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, бағып-қағады.

Толығырақ
Анамның аялы алақаны
Байқаулар, Мың алғыс саған

Анамның аялы алақаны

Менің анамның есімі – Эльмира. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де Анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды жеткізгім келеді. Өйткені кез келген перзент үшін Ананың жөні бөлек, құрметі де ерекше.

Толығырақ