Үш күн бойы Қостанай өңірін дүбірге толтырған «Алтын микрофон – 2023» XХ Халықаралық әншілер байқауы да өз мәресіне жетті. Байқаудың шешуші кезеңінде еліміздің әр өңірінен және алыс-жақын шет елдерден келген жас әншілер өнер көрсетті.
Қостанайлық оқушылардың жетістігі
Астана қаласында Қостанай NIS оқушылары қаржы қауіпсіздігі жөніндегі республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды. Олимпиаданың қорытынды кезеңінде Сабина Ермұханова I дәрежелі дипломмен, Айдана ҚияҚбаева II дәрежелі дипломмен және Жансерік Қалиола III дәрежелі дипломмен марапатталды. Іріктеу кезеңі «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» және «Қаржылық сауаттылық» екі бөлімнен тұратын «Жаһандық құзіреттер» оқу курсы бойынша онлайн форматта (тестілеу) өткізілді. […]
Жауһардай жарқыраған DIAMONDS
23-26 наурызда Ташкент қаласында «Жаныңды салып би биле» атты халықаралық байқау өтті. Үздік ұжымдар бәсекесіне Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл кентінің DIAMONDS хореографиялық ансамблі қатысып, зор олжаға кенелді.
Қаламгерге құрмет көрсетілді
Бүгін белгілі ақын, жазушы, сатирик, драматург, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Абылай Маудановтың туған күні. Қырықтың қырқасына шыққан қуаныш иесіне қаламдас, қанаттас, әріптес аға-бауырлары сый-құрмет көрсетті.
Қостанайлық ансамбль халықаралық байқаудан жүлдемен оралды
Қостанайдағы NIS-тің «HardChord» вокал-аспапты ансамблі «Dubai Music Festival» халықаралық байқауында II орынға ие болды.
«Қостанай таңы» ұйымдастырған бейнебайқаудың үздіктері марапатталды
«Қостанай таңы» газетінің ұжымы тағы бір тамаша жобаны қорытындылады. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Армысың, әз-Наурыз!» ұжымдық бейнебайқау жарияланған болатын. Бүгін жүлдегерлері анықталып, редакцияда марапаттау рәсімі өтті.
Кішкентай бишілердің үлкен жеңісі
Астана қаласында өткен «Dance Mania» халықаралық би байқауына Жанкелдин ауданындағы «Dan-As» шығармашылық үйірмесінің «Еркетай» би ансамблі қатысып, бас жүлде иегері атанды.
«Көп жылғы «бас ауруы» еді». Кәсіпкер ауылдастарының мәселесін шешіп берді
Аманкелді ауданының тұрғындары жеке кәсіпкер Дүйсенбек Айтбаевты жақсы таниды. Әсіресе, Құмкешу ауылының халқы жомарт жүректі азаматқа үнемі алғыс айтып отырады. Былтыр кәсіпкер ешкім батып бармаған ерлік істі жасады.
Қарымды қаламгерге ізбасарларынан ілтипат
Бүгін «Мерекелік сый-тарту» акциясы аясында «Қостанай таңы» газетінің тағы бір ардагер журналисі Жақсылық Жүнісұлына марапат табыс етілді. Редакция басшылығының сәлемдемесін Арқалықта тұратын зейнеткерге сол қаладағы меншікті тілшіміз Мұрат Жүнісұлы жеткізді.
Акция мақсаты – алдыңғы буынға алғыс білдіру (видео)
«Мерекелік сый-құрмет» акциясы аясында облыстық «Қостанай таңы» газеті зейнеткерлерінің кезекті легі құттықталды. Атап айтқанда, танымал заңгер, «Отбасы help» фронт-кеңсесінің басшысы, сот орындаушылардың өңірлік палатасының төрайымы Несібелі Бәсенова редакцияға көп жыл еңбек сіңірген аға буын өкілдеріне сый-сияпат табыс етті.