Өңірлерде көктемгі дала жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы дақылдары 20,9 млн гектар алқапқа егілді.
«Бұл ауылда бәрі-бәрі басқа еді…»
Торғай төсіндегі шежіреге толы Шилі ауылдық округі – кеше ғана іргелі елді мекендердің бірі еді. Аудан орталығынан жүз шақырымнан астам қашықта орналасқан ауылдың өткені де, тарихқа толы. Нарықтық кезеңге дейін ұжымшар, кеңшар орталығы болған Шилі бір кезде үш жүзге жуық түтін қоныстанған үлкен қауым еді. Бүгінде 45 шаңырақ, 250-ге жуық тұрғын қалса да, ауылдың жүрегі […]
Денисовтегі «Сарыағаш» сүт-тауар фермасы он бес жылдығын атап өтеді
Перелескидің қара ала сауынды сиырларының сүті Қазақстанның төрт қаласына тарайды.
Қостанай облысының АӨК: мал шаруашылығын дамыту перспективалары
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы АӨК мәселелері жөніндегі кеңестің кезекті отырысында мал шаруашылығын дамыту және мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру негізгі тақырыптар ретінде қаралды.
Биыл өңірде 5 млн гектардан астам алқапқа дән егіледі
Егіс науқанына дайындық туралы облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ибрагим Бекмұхамедов мәлімет берді.
Жастар идеясы – ел болашағы: Қостанайда агрохакатон өтті
Қостанайда «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» тақырыбында студенттер мен оқушыларға арналған интеллектуалды агрохакатон ұйымдастырылды. Іс-шараға жоғары оқу орындарының студенттері, колледж білім алушылары және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Қамыстыда 53 мың гектар игерілмеген жер мемлекетке қайтарылды
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласын дамытуда жер ресурстарын тиімді пайдалану аса маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Осыған байланысты Қамысты ауданында да игерілмеген және тиімсіз пайдаланылып жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
«Аты жоқ» ауру: Ресейдегі мал індеті Қостанай облысына жетуі мүмкін бе?
Соңғы бірнеше ай бойы интернет кеңістігінде Ресей Федерациясы аумағындағы, әсіресе Сібір мен Еділ бойы өңірлеріндегі жануарлар ауруы кеңінен талқыланып жатыр.
Қамыстыда көктемгі дала жұмыстарына дайындық қалай?
Бірер айдан соң елімізде көктемгі дән себу жұмыстары басталады. Қазірдің өзінде шаруашылықтарда осы науқанға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Қостанайдан Нью-Йоркке 24 тонна қазақстандық ұн экспортталды
Еліміздегі KTZ Express компаниясы Транскаспий халықаралық көлік бағыты инфрақұрылымын пайдалана отырып, Қостанай – Нью-Йорк бағыты бойынша қазақстандық бидай ұнын жеткізудің жаңа жөнелтілімін ұйымдастырды.
